Бүгін адамзат тарихындағы қасіретті оқиға – Хиросима құрбандарын еске алу күні - Атаулы күн|06 Тамыз 2013, 09:27
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Бүгін адамзат тарихындағы қасіретті оқиға – Хиросима құрбандарын еске алу күні

 Астана. 6 тамыз. Baq.kz – Бүгін атом тарихындағы ең қайғылы оқиға - АҚШ-тың Жапонияға атом бомбасын тастаған күні. Бұл күн тарихта Хиросима күні ретінде еске алынады.

 АҚШ ұшқышы Томас Фереби басқарған «Энола Гей» атты Б-29 әскери ұшақ 1945 жылы тамыздың 6-ында Жапонияның Хиросима қаласына әлемдегі ең бірінші атом бомбасын тастады. Қаланың елеулі бөлігі қирап, 140 мыңнан аса бейбіт тұрғын қаза тапты, жарымжан болды. Арада 3 күн өткеннен соң АҚШ 9 тамызда Нагасаки қаласына екінші атом бомбасы тастады. Тарих қойнауына жүгінсек, осынау адамзат тарихындағы ең жауыздық іс-әрекеттің американ әскері үшін ешқандай қажеттілігі болмаған. Себебі соғыстың соңына қарай Жапония армиясы талқандалып, Тынық мұхиты айдынында АҚШ-қа еш қауіп төндірмеген. Ал бомба тастау үшін Хиросиманы арнайы таңдап алуы қаланың географиялық орналасуы, үш жағынан тау қоршап тұратындығы себеп болған. Бұл 20 килотонналық уран бомбасының өз күшін толық пайдаланып, ажал уын себуіне таптырмайтын нысана еді.
Сонымен қатар, осы оқиғаға байланысты дәрігерлердің халықаралық бейбітшілік күні аталып өтіледі. «Әлем дәрігерлері ядролық соғысқа қарсы» халықаралық қозғалысы атқару комитеті Хиросимадаға оқиғаға байланысты осындай шешім қабылдаған болатын.

 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер