BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 379.29 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 426.4 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.93
Астана:

Тәуелсіздік күні қарсаңында 116 еңбек озаты марапатталды

Фото: Нұржас Жақсыбай

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Қазір елордада «Ауыл» халықаралық демократиялық патриоттық партиясының ұйымдастыруымен Еңбек Озаттарының ІІІ форумы өтіп жатыр.

Еліміздің басты мерекесі Тәуелсіздік күніне орайластырылған форумға ауыл еңбеккерлері, партия белсенділері және қоғам өмірінің әр саласында ұзақ жыл қызмет еткен азамат қатысып жатыр.

Еңбек адамдарының қоғам өміріне үлес болып қосылған өнегелі қызметтері мен тағылымды тәжірибелері әріптестері мен жас буын үшін әрқашан үлгі. «Ауыл» партиясы Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Елімізді ілгері жетелеуші күш – еңбек адамы» деген қағидалы ұстанымда қолдау көрсетіп, қажырлы еңбегімен ел дамуына сүбелі үлес қосқан кәсіп иелерін салтанатты жиында мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапаттады.

«Ауыл» халықтық-демократиялық партиясының төрағасы Әли Бектаев бүгінгі жиынның маңызын атап өтті.

«Бұл форум соңғы үш жылда дәстүрге айналды. Бүгінгі марапаттың мереке қарсаңында өтуінің саяси-әлеуметтік мәні өте жоғары. Себебі, біздің еңбек озаттары Тәуелсіз Қазақстанға сіңірген еңбегін сезіну керек деп есептеймін. Қазақстанның барлық аймағындағы партия белсенділері бас қосып осы шараға қатысты. Оның ішінде ауыл шаруашылығының ұжымы ғана емес, ауылдағы экономика, білім және денсаулық саласындағы белсенді мүшелері де келді. Олар өз тәжірибиесімен бөлісіп, еңбектеріне сай бағаланды. Бүгін 100-ден астап еңбек озаттары марапатталып, жасалған жұмыстары атап өтілді. Елбасымызға ерекше алғыс айтқым келеді. Себебі ол кісі еңбекте көзге түскен азаматтарды марапаттап, көтеріп елге танытып жатқыны бізді қуантады», - деді ол.

«Ауыл» xалықтық-демократиялық патриоттық партиясының 2 мүшесі құрмет орденімен марапатталды.

Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен Мемлекттік және қоғамдық қызметке сіңірген еңбегі және әлеуметтік-экономикалық, мәдени дамуына үлес қосқаны үшін «Ауыл» партиясының төрағасының орынбасары Алматы қаласы Сыдықов Төлеген және «Ауыл» партиясының белді мүшесі, Қостанай қаласы Азимут ЖШС директоры Валентин Ходунович құрмет орденімен марапатталды.

Аталмыш форум «Ауыл» партиясының бастамасымен биыл үшінші рет ұйымдастырылды. Алғаш екі жылда 200-ден астам адам марапатталса, биылғы форумда 116 еңбек озатына наградалар табысталады.

Фото/видео: Нұржас Жақсыбай


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер