BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Астананың дамуына үлес қосқан 140 қарағандылық марапатталды

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Елорданың гүлденуі мен еліміздің дамуына үлес қосқан қарағандылықтар «Астанаға жиырма жыл» медалімен марапатталды. Мерекелік медальға ие болғандар қатарында зиялы қауым өкілдері, еңбек ардагерлері, түрлі сала үздіктері, сондай-ақ Елбасының курстастары бар, деп хабарлайды Baq.kz аймақтағы тілшісі.

Бүгінде мемлекетіміздің жүрегіне айналған Астана жиырма жасқа толып отыр. Еліміздің түкпір-түкпірінде осы айтулы күн тойлануда. Қарағандыда Астана күнін тойлау елорданың гүлденуіне өз үлестерін қосқан тұлғаларды арнайы медальмен марапаттаумен басталды.

«Астананың мерейтойы тойлануда. Биылғы той ерекше. Қас қағым сәтте жиырма жыл өте шықты. Біз аз ғана уақыт ішінде барша әлем таңданатын Астананы салдық. Елорданы бүкіл ел болып тұрғыздық, оның ішінде қарағандылықтардың үлесі үстем. Мен мемлекет басшысының тапсырмасын орындап, Қазақстан Республикасының дамуы мен оның астанасының құрылуына үлес қосқандықтарыңыз үшін осы марапатты табыстамақпын», - деді аймақ басшысы Ерлан Қошанов.

«Астанаға жиырма жыл» медаліне 140 қарағандылық ие болды, оның ішінде Серік Ақылбай, Тұрар Ақылбеков, Алтынбек Асанов, Нұрсұлу Бөкетова, Николай Дридж, Ермек Төлеубаев, Қасымбек Медиев, Рымбала Орымбекова және басқалары бар.

«Біз Елбасымен 1962 жылы Қарағанды политехникалық институтында бірге білім алдық. Қазақ елінің кең байтақ жерінде Елбасымыз Астана салды. Бұл халықтың тірегіне айналып отыр. Баршамызға Астанамыздың жиырма жылдық мерейтойы құтты болсын дегім келеді», - дейді ҚР Президентінің курстасы Ермек Төлеубаев.

Сонымен қатар, облыс әкімі «Қазақстан Барысы – 2018» республикалық турнирінің жеңімпазы қарағандылық балуан Ержан Шынкеевті жеңісімен құттықтады. Сыйлық ретінде оған пәтер кілті табысталды. Оның жаттықтырушысы Диханбай Биткөзов «Астанаға жиырма жыл» мерейтойлық медалімен марапатталды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер