Астаналық оқушылар Ата заңды жатқа айтады - Атаулы күн|27 Тамыз 2013, 15:19
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Астаналық оқушылар Ата заңды жатқа айтады

 Астана. 27 тамыз. Baq.kz – Еліміздің Ата заңы күніне орай «Атамекен» этно-мемориалдық кешенінде Астана қаласының 40-қа жуық мектептері арасында құқықтық білім сайысы өтті.

 Құқықтық білім сайысына қатысқан оқушылар еліміздің Ата заңы жайлы әр түрлі тақырыптардағы жобаларын ұсынды. Мектеп оқушыларының заң туралы өзара сайысып, оны еліміздің тарихымен терең ұштастыра білуі ұстаздары мен ұйымдастырушылар тарапынан жоғары бағаланды. Ата заңымыздағы әр бапты жатқа айтып, оның қоғамдағы рөлін көрсете алған оқушылардың талабы ересектерді де қызықтырды. Заңгерлер мен тарихшы мамандардың тарапынан қойылған білімділікті тексеруге арналған сұрақтарға да жауап берген оқушылар өздерінің құқықтық білімдерінің жоғары екенін дәлелдеді.


Жиентаева Бегайым, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ доценті:
- Этно-мемориалды кешеннің ұйымдастыруымен өткізіліп отырған іс-шара өте маңызды. Оқушылардың заңдар мен заңнамаларды оқып үйренуге, білуге деген талпыныстары жоғары. Бұл бізді қуантады. Жас ұрпақтың патриоттық сезімін, отанын сүйюге деген құлшынысын арттырары даусыз.

 

Сара Жақыпбекова, Астана қаласының №14 мектебінің мұғалімі:
- Келешек ұрпаққа өз елінің Ата заңын білу өте маңызды. Кешен тарапынан ұйымдастырылып отырған бұл игі іс жалғасын тауып, оқушылардың құқықтық білімін арттыруға жәрдемдесіп отырғаны қуантады. Өз құқығы мен елінің тарихын оқытудың осындай әдістері қала мектептерінің ұстаздары үшін де маңызды.

Сайыс соңында жеңімпаздар алғыс хаттармен марапатталып, "Атамекен" этно-мемориалдық кешені әкімшілігі тарапынан барлық қатысушылар ақшалай сыйлыққа ие болды. 

 

 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер