BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Астанада Жеңіс күніне орай қандай шаралар өтеді

Фото: Kursiv.kz

Астанада 9 мамыр – Жеңіс күніне орай қала тұрғындары мен қонақтарының назарына ашық алаңдарда, концерт залдары мен театрларда өтетін мерекелік шаралардың бағдарламасы ұсынылады, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

9 мамырда «Отан қорғаушылар» монументіне «Даңқ гүлтізбегін» қою салтанаты өтеді. Одан кейін 11.30-да студенттік саябақта 11 әскери палатадан құрылған қалашықта ҰОС және тыл ардагерлеріне арнап мерекелік дастархан жайылып, «Парус» сахнасында концерт өтеді.

Жеңіс күнін мерекелеу Студенттік саябақта (Орбита ауданы) және қалалық алаңда жалғасады. Белгілі қазақстандық эстрада әншілері соғыс жылдарындағы әндерді орындайды. Елорда тұрғындары мен қонақтары концертті тамашалай алады.

Дәстүр бойынша осы күні елордада ардагерлердің ұрпақтарының «Жаужүрек полк» атты шеруі өтеді. Шеру сағат 12.30-да «Қазақ Елі» монументінен басталып, Тәуелсіздік даңғылы арқылы «Отан қорғаушылар» алаңына дейін өтеді. Сондай-ақ сағат 11.00-де «Қазақстан» спорт кешенінің тұрағында Жеңіс күніне арналған «Мы помним, дорожим» атты автошеруі басталады. Кешке 19.00-де Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында «Тыраулап ұшқан тырналар» қойылымы сахналанады.

Шаралардың толық тізімі www.madeniet.astana.kz сайтында жарияланған.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер