BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Астанада үш күн бойы сол жағалау бойынша тегін экскурсия болады

Фото: Natali Travel

«Рухани Жаңғыру» бағдарламасының аясында Астана қаласының 20 жылдығы және Балаларды қорғау күніне орай 1, 2, 3 маусым күндері Астана тұрғындары мен қонақтары «Red Bus» автобустарымен Астананың сол жағалауымен тегін экскурсияға қатысу мүмкіндігіне ие болады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі bnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Экскурсия «AiLand» (океанариум) көңіл-көтеру орталығынан және «MEGA Silkway» сауда ойын-сауық орталығынан басталады.

Экскурсия автобус ішіндегі дыбыс күшейткіштер арқылы қазақ және орыс тілдеріндегі аудиогидтер көмегімен жүзеге асырылады (бір рейс – қазақ тілінде, екінші рейс – орыс тілінде, ауысу арқылы).

Экскурсияны белгілі бір тілде ғана тыңдағысы келетіндер өздерімен бірге құлаққап алып келуі керек. Мерекелік тегін серуен кезінде құлаққаптар берілмейді.

Барлық сұрақтар бойынша call-орталыққа хабарласуға болады: +7 777 555 75 75, 77-90-99, Instagram: @redbus.kz.

«AiLand» аялдамасынан қозғалу уақыты:

- сағ. 10.00 (қазақ тілінде);

- сағ. 12.05 (орыс тілінде);

- сағ. 14.45 (қазақ тілінде);

- сағ. 16.50 (орыс тілінде); - сағ. 18.55 (қазақ тілінде).

Ары қарай келесі аялдамалар болады: «Хан Шатыр» СОСО, «Мәңгілік Ел» салтанат қақпасы, «MEGA SilkWay» СОСО, Ұлттық Музей және «Астана Бәйтерек» монументі.

«MEGA Silkway» аялдамасынан қозғалу уақыты:

- сағ. 10.00 (қазақ тілінде);

- сағ. 12.05 (орыс тілінде);

- сағ. 14.45 (қазақ тілінде);

- сағ. 16.50 (орыс тілінде);

- сағ. 18.55 (қазақ тілінде).

Ары қарай келесі аялдамалар болады: Ұлттық Музей, «Астана Бәйтерек» монументі, «AiLand» (океанариум) көңіл-көтеру орталығы, «Хан Шатыр» СОСО және «Мәңгілік Ел» салтанат қақпасы.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер