BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Астанада көлік полицейлері кәсіби мерекелерін атап өтті

Бүгін ҚР ІІМ Көліктегі ІІД қызметкерлері биыл құрылғанына 26 жыл толып отырған Қазақстан полициясы күнін атап өтті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Салтанатты мерекенің құрметті қонақтары ретінде ішкі істер органдарының ардагерлері және қызметтік борыштарын өтеу кезінде қаза болған қызметкерлердің туыстары шақырылды.

«Мәңгілік есімдер» ескерткішіне гүл қою рәсімін Көліктегі ІІД бастығы полиция полковнигі Аманжол Қабыловтың өзі бастады. Плацқа жиналғандар Отан алдындағы өз міндеттерін өтеу кезінде қаза болған әріптестерінің рухына бір минуттық үнсіздікпен тағзым етті.

«Өткен жылдардағы қиындықтарға қарамастан біз ішкі істер органдарының қуатты жүйесінің тұрақты іргетасын берік қалай білдік. Үш он жылдыққа жуық уақыт өтсе де біздің қызметіміз өз маңызын жойған жоқ. Қоғамдық қауіпсіздікті, мемлекеттің тұтастығы мен азаматтардың мүдделерін қорғау, оны құқыққа қарсы қолсұғушылықтардан қорғау – біздің басты міндеттеріміз болып қала бермек»,- деді А. Қабылов. Оның айтуынша, Департамент құрылған жылдардан бері өздерінің қызметтік борышын өтеу кезінде 11 көлік сақшысы қаза болды. «Бүгін біз бейбіт күнде өз өмірін қазақстандықтардың тыныштығы мен қауіпсіздігі үшін қиған азаматтардың ерлігіне бас иеміз»,- деді полиция полковнигі.

Аманжол Жайғалиұлы ІІО ардагерлеріне жас қызметкерлердің тәрбиесіне және ішкі істер органдарындағы өміршең дәстүрдің сақтауға қосқан өлшеусіз үлестері үшін өз алғысын білдірді. Бас көлік полицейі барша жиналғандарға мықты денсаулық, отбасылық бақыт, қызметтерінде табыстар тіледі.

Салтанатты шара барысында өздерінің жарқын істерімен және қызметке деген адалдығымен түрлі мақтауларға лайық азаматтардың есімдері аталып өтті. Олардың қатарында үздік жедел уәкілдер мен тергеушілер, криминалистер мен анықтаушылар бар.

Өз кезегінде ІІО ардагерлері де құттықтау сөздерін арнады. «Сіздердің еңбектеріңіз әрқашан үлкен абырой мен азаматтардың құрметіне лайық. Антқа адал бола жүріп, өздеріңіздің кәсіби міндеттеріңізді мінсіз атқарып, қылмыстылықпен күресте ерлік пен батырлық таныта білдіңіздер»,-деді ҚР ІІМ құрметті ардагері Жұмабек Жаксылықов.

Осыдан кейін ІІО ардагерлеріне салтанатты түрде құрмет наградалары табыс етілді. Сондай-ақ мерекелік медальдармен және грамоталармен жеке құрамның 200-ден аса қызметкерлері марапатталды.

Салтанатты шара соңы Департамент ұжымының өздері дайындаған мерекелік концертке ұласты. Полиция қызметкерлерінің орындауында Отанға деген махаббат, полиция қызметі, сондай-ақ ана туралы әндер шырқалды. Үздік орындауларға конкурс жарияланып, жеңімпаздар мен барлық қатысушылар бағалы сыйлықтармен марапатталды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер