BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Астанада ақмолалық жауынгерлер зиратына Даңқ гүл тізбегі қойылды

Бүгін Астанадағы Орталық қалалық зиратта 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында жарақат салдарынан көз жұмған ақмолалық жауынгерлер зиратына Даңқ гүл тізбегі қойылды, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.

Шараға қатысушы Ұлы Отан соғысы ардагерлері, тыл еңбеккерлері, ауған соғысы жауынгерлері, елорда әкімдігі мен қоғам өкілдерінің автоколоннасы қалалық алаңнан Бейбітшілік көшесі, Бөгенбай батыр даңғылы және Н.Тілендиев көшесі арқылы Орталық қалалық зиратқа дейін жүріп өтті. Колоннаны Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туымен және Астана қаласында құрылған үш дивизияның туларымен төрт БТР 80 бірлігі бастап барды. Атап айтқанда, 72-ші Гвардиялық Красноградтық атқыштар дивизиясы, 310-шы Новгородтық атқыштар дивизиясы және 387-ші Перекоптық атқыштар дивизиясы.

Орталық қалалық зиратта бір минут үнсіздікпен Ұлы Отан соғысына қатысушыларды еске алды және ескерткішке Даңқ гүл тізбегі мен гүлдерді қойды. Астана қаласының Мемлекеттік филармониясының үрмелі аспаптар оркестрінің сүйемелдеуімен Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінің жауынгерлері мен республикалық «Жас ұлан» мектебінің тәрбиеленушілері салтанатты шерумен жүріп өтті.

Айта кетсек, Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне арналған іс-шаралардың толық тізімі www.madeniet.astana.kz сайтында жарияланған.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер