BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Әскери қызметкерлер Тұңғыш Президент күнін атап өтті

Павлодар. BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңіріндегі 6679 әскери бөлімінің 200-ден астам қызметшісі мен ардагерлер қауымы бас қосып, ҚР Тұңғыш Президенті күнін атап өтті.

ҚР Тұңғыш Президенті күні шеңберінде әскери бөлімде бірқатар тәрбие және әлеуметтік-мәдени шаралар ұйымдастырылды. Жауынгерлік іс-әрекеттегі жоғары көрсеткіштері, міндеттерін адал және жігерлі орындағаны үшін бөлімнің әскери қызметшілері жоғары қолбасшылықтың және әскери бөлім командирінің құқығымен марапаттауларға ие болды. Жас сарбаздарға Нұрсұлтан Назарбаев туралы көркем және деректі фильмдер көрсетіліп, жастарды елдікке тәрбиелейтін «Елбасы сабағы» ұйымдастырылды.

«Егеменді еліміздің Тәуелсіздік туын биікке көтерген Тұңғыш Президентіміз – халық мақтанышы, бүгінгі заманның көрнекті саясаткері. Елінің сеніміне ие болған Елбасының ғажайып парасаты мен ұлтжандылығы – жас ұрпақ үшін өнеге. Мемлекет басшысы Қарулы күштерді еш уақытта назардан тыс қалдырған емес. Осыған орай Отанымызды қорғау, құқық тәртібін қамтамасыз ету, қылмыстың жолын кесу – абыройлы міндетіміз болып қала бермек», - дейді 6679 әскери бөлімі ардагерлер кеңесінің төрағасы Тлектес Манабаев.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер