BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Әсет Исекешев: Адам баласы қазыналы өткенімен, мағыналы бүгінімен, жарқын келешегімен өмір сүреді

Астана қаласы әкімі Әсет Исекешев 1 қазан - халықаралық қарттар күніне орай қарияларды құттықтады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Әкім құттықтауын қала әкімдігінің баспасөз қызметі таратты.

"Құрметті қазыналы қариялар!

Сіздерді 1 қазан – Халықаралық қарттар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Адам баласы қазыналы өткенімен, мағыналы бүгінімен және жарқын келешегімен өмір сүреді. Осы орайда тәжірибесі мол аға буынның өмір жолы біз үшін аса құнды. Сондықтан xалқымыз ертеден-ақ үлкенге құрмет көрсетуді өсиет етіп, ұрпақтар арасындағы сабақтас­тыққа, үйлесімге ерекше мән берген.

Қазыналы қарттарымыздың қатары ортаймасын. Көрер қызықтарыңыз көп болғай.

Сіздерге зор денсаулық, ұзақ өмір, әулеттеріңізге бақ пен береке тілеймін!

Әсет Исекешев, Астана қаласының әкімі" - делінген хабарламада.

Естеріңізде болса, бүгін халықаралық қарттар күні. Еліміздің бюджетінен осы күнді атап өтуге және қарттарға бір реттік көмек ретінде 5 млрд теңге бөлінген. Ал Қазақстан көлемінде қарттыққа жеткен 2,1 млн адам бар.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер