BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Ардагерлер Отан қорғаушы күнін Ұлттық ұлан сарбаздарының ортасында өткізді

Фото: автордан

Ертіс өңірінің Ұлы Отан соғысының ардагерлері Отан қорғаушы күні атап өтудегі игі дәстүрден қол үзбеген. Бүгін сұрапыл соғыста етікпен су кешіп, ел қорғаған азаматтар әскери қызметке адал, қатарластарының алды бола білген азаматтардың сый-құрметіне ие болды, деп хабарлайды Baq.kz аймақтағы тілшісі.

Әскери бөлімдегі мерекелік көңіл-күйді сөзбен жеткізу мүмкін емес. Ұлттық ұланның №5512 әскери бөлімінің офицерлері, сондай-ақ, Отан алдындағы борышын өтеп жатқан жас сарбаздар төл мейрамдарына орай салтанатты түрде сап түзеп, патриоттық әндерді шырқады. Сонымен қатар, Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен Константин Воловик әскери казармаларды аралап, сарбаздардың дайындығын көрді.

Константин Воловик - Украинаның Кировград облысының тумасы. Екінші Украина фронтында ерлік көрсетіп,112-ші механизацияланған взводтың старшинасы шенінде болды.

«Ата-анамнан ерте айырылдым. Әпкем екеуміз балалар үйіде тәрбиелендік. Соғыс басталғанда 17 жастағы бала едім. Фашистердің қолынан қаза тапқан адамдардың талайын көргендіктен, майданға аттандым. Винтовкадан атуды үйреніп, фронтқа аттандым. Жарақат алсам да, қатарға қосылып отырдым. Ұлы Жеңісті Прагада қарсы алдым. Тағдырдың жазуымен Қазақстанға келіп, бүгінгі күні қарттық ғұмырымды кешудемін», - дейді ардагер.

Келер ұрпаққа жеңіс сыйлаған азаматтар әскери бөлімнің тұрмыс-тіршілігімен танысты. Ардагерлер сарбаздармен емен-жарқын әңгіме кұрып, сұрапыл соғыстағы отандастардың ерлігі жайында сыр шертті. 5512 әскери бөлімнің ширек ғасыр ішінде танымастай өзгерді. Бірінші кезекте материалдық-техникалық жағдай жақсарып, сарбаздардың қызметі үшін жақсы жағдайлар жасалған.

Айта кетейік, салтанатты шараға ҚР Ұлттық ұланы «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының өкілдері арнайы келді. Әскери құрылымның тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс жөніндегі орынбасары Ниязтай Әлкешевтың айтуынша, Отан қорғаушы күнін Ұлы Отан соғысы ардагерлерінсіз атап өтпейміз.

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының құрамында Өскемен қаласында үш әскери бөлім, Павлодар қаласында екі әскери бөлім, Семейде бір әскери бөлім бар. Біздің басты мақсатымыз облыстық орталықтарда қоғамдық тәртіпті сақтау, аса маңызды нысандарды күзету, сонымен қатар, түзету мекемелерін күзету. Жауангерлік қызметті атқарудағы, қылмыстардың жолын кесудегі жас сарбаздардың қызметіне ризамыз. Жалпы, қызмет барысында жасалған дүниелер ерлік емес. Бұл – сарбаздардың күнделікті ісі», - дейді Ниязтай Әлкешев.

5512 әскери бөлімі әскери бөлімі командирінің орынбасары Аңсар Әлкешевтің айтуынша, әскери құрылымада Алматы, Ақтөбе және Орал облыстарының азаматтары Отан алдындағы борыштарын өтеуде.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер