BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Аралда Рәміздер алаңы ашылды

Фото: syrboyi.kz

Қызылорда облысы Арал ауданында Рәміздер алаңы ашылды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі syrboyi.kz сайтына сілтеме жасап.

Жоба құны – 174,670 млн теңге. Жалпы аумағы – 8 мың шаршы метр. «Рәміздер алаңында» Мемлекеттік Елтаңба, Мемлекеттік Гимн және биіктігі 20 метрлік Мемлекеттік Ту орналасқан. Жаңа нысанда көпшіліктің демалысы үшін бар жағдай жасалған. Алаңның ашылу салтанатына аудан әкімі Мұхтар Оразбаев, облыстық мәслихаттың хатшысы Наурызбай Байқадамов және өзге де қонақтар қатысты.

«Өткен жылы Арал қаласынан «Рәміздер алаңын» салуға және абаттандыруға облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстары қарқынды түрде жүргізілген болса, бүгінде ол өз мәресіне жетті. Мұнда, өздеріңіз байқап тұрғандай, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздері көрініс тапқан. Атап өту керек, биіктігі 20 метр болатын көк байрақ арнайы Астана қаласының 20 жылдығына арналып отыр. Осы орайда, Тәуелсіздік пен мемлекет символына айналған рәміздер алаңының Елбасының тікелей назарында тұрған Арал ауданынан бой тіктеуі – рухани жаңғырудың жарқын қадамдары деуге болады», - деді Н.Байқадамов.

Одан әрі Рәміздер алаңындағы көк байрағымыз көкке көтеріліп, ел Әнұраны орындалды. Мұнан соң аудан өнерпаздары әзірлеген концерттік бағдарламаларын көпшілік назарына ұсынып, тұрғындар қуанышын еселей түсті.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
30 Желтоқсан 2018, 12:54
Софияда Астана көшесі ашылды
Пікірлер