Алтын құрсақ аналар Астананы көретін болды - Атаулы күн|12 Тамыз 2013, 09:01
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Алтын құрсақ аналар Астананы көретін болды

Астана. 12 тамыз. Baq.kz - Үржар ауданының он тоғыз ауылынан көпбалалы «Алтын алқа» және «Күміс алқалы» аналарымыз Астанаға аттанды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі. 

Олардың арасында өз заманында білім, денсаулық сақтау салаларында, сондай-ақ, сауыншы болып жемісті еңбек еткен ақ жаулықтыларымыз бар. Ардақты аналарымызды ауданның әкімі бастаған бір топ лауазым иелері шығарып салды.

Еліміздің бас қаласына саяхаттап бара жатқан үржарлық қонақтарға Астананың көрікті орындары көрсетіліп, Бәйтерек, Хан шатыр  секілді белгілі нысандарды аралау мүмкіндігі тумақ. 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер