BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Алматыға қосылған аудандарда жаңа әлеуметтік нысандар салынды

Астана, BAQ.KZ. Алматыда Тәуелсіздік күніне орай қалаға жаңадан қосылған аудандарда тағы да бірқатар жаңа әлеуметтік нысан бой көтерді.

Қала әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапары кезінде Алматының Наурызбай ауданындағы жақында салынған №26 емхананы және Алатау ауданындағы №186 бала бақшадағы сапалы атқарылған жұмыстарды көрді.

Қаланың Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қанат Төсекбаев өзінің сөзінде 500 адам қатынайтын емхананың сонау 1939 жылы салынған ескі селолық аурухана орнына салынғанын айтты. Замануаи жабдықтары бар медициналық мекеме Таусамалы, Тастыбұлақ, Таужолы, Қарағайлы, Құрамыс және Қарғалы сынды елді мекендердің 30 мыңға жуық тұрғындарына қызмет көрсететін болады.

«Алматыда денсаулық сақтау саласының ашықтығы мен сапасын арттыру үшін пәрменді шаралар қабылданады. Осыған орай, қажетті Жол картасы жасалды. Қазірдің өзінде цифрландыру арқасында сырқаттарға қызмет көрсету уақытын 20%-ға, кезек күтуді 30%-ға қысқартуға, дәрігерді үйге шақыруды 1,5 есе жеделдетуге қол жетті», - деп атап өтті ол.

Дәл осы күні Бауыржан Байбек «Саялы» ықшам ауданындағы қазақша дәріс беретін 320 орынды №186 бала бақшада болды. Мектеп жасына дейінгі мекемеде 16 топ бар. Оның әрқайсысында баланың жасына қарай оқытудың өзіндік әдістері - Монтессори, Дьенеш блоктары, құм терапиясы және басқалары қолданылады. Балдырғандарды қабылдау 19 желтоқсаннан басталады. Өтініштер «Open Almaty» қоғамдық қабылдауы арқылы жүргізіледі.

Айта кетерлігі, 10 жыл ішінде Алатау ауданын дамытуға 430 млрд. теңге жұмсалды, 30 мыңнан астам жұмыс орындары құрылды, 2,7 млн. кв.м.тұрғын үй салынды, 12 мектеп, дәл осыншама медициналық мекемелер, 98 мемлекеттік және жеке бала бақшалар ашылды.

Соңғы үш жыл ішінде Наурызбай ауданында бес медициналық мекеме, екі мемлекеттік мектеп, екі мемлекеттік және 65 жеке бала бақшалар салынды. Ауданның әкімшілік-іскерлік орталығы бой көтерді, мұнда аудандық әкімдік, ХҚКО, АХАЖ, прокуратура, сот және басқалары орналасқан.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер