BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 379.36 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 424.47 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.88
Астана:

Алматыда ХҚКО қызметкерлері бүлдіршіндерді мерекемен құттықтады

Алматы, BAQ.KZ. Алматының Марков көшесіндегі халыққа қызмет көрсету орталығында бүлдіршіндердің тілек хаттары ілінген шырша орнатылды.

Қайырымдылық шарасын қоғамдық ұйымдар, танымал тұлғалар, атақты спортшылар, эстрада жұлдыздары, кәсіпкерлер қолдап келді. Аяз атаға 30-ға жуық бала хат жазыпты. Олардың ең кішісі -2 жаста, ең үлкені – 16 жаста. Балалардың бәрі ертегідегі атаға сенбесе де, тілектері орындалады деп үміттенеді. Қайырымдылық жасап, бүлдіршіндердің арманын орындаушы «сиқыршы жандар» «Тілектер шыршасында» балалармен бірге көңіл көтерді.

Корпорацияның Алматыдағы филиалының PR-менеджері Жаңыл Әпетованың айтуынша, «Тілектер шыршасы» – қала тұрғындарының толық емес және аз қамтылған отбасыларынан шыққан балаларға қуаныш сыйлауға мүмкіндік беретін шара.

«Балалардың қалауы әртүрлі. Олар ойын ноутбугын, трансформер машина, сөмке, велосипед, доп, конструктор, шана, сағат,сөйлейтін қуыршақ секілді бала ойыншықтарын сұраса, енді бірі Денис Тен секілді атақты конькиші болу арманын орындауға, конький сыйлауды сұрапты. Тағы бірі үй ішіндегі көп баланың бәріне бірдей қалаған киімін алып беруге анасының шамасы жетпейтінін айтып, жақсы кеудеше, көйлек, бас киім сыйлауды сұраған. Тілек хаттардың ішінде экраннан көріп жүрген сүйікті актерлері Фархат Абдраимовпен, әйгілі боксшы Қанат Исламмен кездесіп, фотоға түсуді армандайтындарын айтқан. Әрине, біз олардың барлық тілегін қанағаттандыруға тырыстық», -дейді Ж. Амантайқызы.

Шараға қазақтың кәсіпқой боксшысы Қанат Ислам, киносүйер қауымның табынушысына айналған танымал актер, продюсер Фархат Абдраимов, танымал эстрада әншісі Роман Майғазиев, Халықаралық «Жанашыр» қорының өкілі Жазира Амантайқызы қатысып, балалардың тілектерін орындап, сыйлықтар тапсыра отырып, ән-күйлерін паш етті.

Олар бүлдіршіндерді шат-шадыман әсерге бөлеп қана қоймай, жан жылуымен бөлісіп, бала үмітін ақтап, армандарына қанат бітірді.

Сондай-ақ, Аяз Ата мен Ақшақар мейрамның сәнін келтіріп, бүлдіршіндердің көңіл хошын көтерді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер