BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Алматыда Балаларды қорғау күні қалай аталып өтеді

Балаларды қорғау күні жаңарған Жібек жолы көшесінің бойында Алматы қаласының балалар мен жасөспірімдер музыкалық оркестрлері мен ансамбльдерінің парады салтанатты түрде ашылады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Мерекелік шеру сағат 10.00-де Жібек жолы мен Абылайхан көшелерінің қилысында басталады. Мұнда ерте келгенедердің барлығы балалардың шығармашылық ұжымдарының өнерін тамашалайды. Бұдан кейін шеру жаяу жүргіншілердің қайта жаңарған Панфилов көшесімен жүріп өтіп, Астана алаңында ерекше флэшмобпен аяқталады.

Қала тұрғындары мен қонақтары алдында отандық эстрада жұлдыздары, соның ішінде Сәкен Майғазиев, Серік Ибрагимов, Нұрболат Абдуллин, Серікбол Сайлаубек, Бейбіт Кушкалиев, МузАрт Life, мектептің «SMart» балалар хоры және көптеген басқалар өнер көрсетеді. Ең кішкентай қонақтар үшін түрлі интерактивті ойындар мен конкурстар ұйымдастырылады.

«Ерекше динамикалық аранжировка мен хореография, костюмді театрландырылған қойылымдар мен шоу бағдарлама мерекелік көңіл-күйді көтереді. Қала тұрғындары мен қонақтары мегаполистің оркестрлік бірлестігін көретін болады», - деп атап өтті Алматы қаласының Білім басқармасы.

Балалардың мерекелік шараларын өткізуге қатысты 31 мамыр мен 1 маусымда таңғы сағат 8.00-ден сағат 13.00-ге дейін Панфилов көшесі (Гоголь, Әйтеке би, Қазыбек би көшелерінің қиылыстары) мен Төле би көшесі (Панфилов пен Абылай хан көшелерінің арасы) уақытша жабылады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер