«Ақжауынның» құрылған күні - Атаулы күн|20 Тамыз 2013, 09:06
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

«Ақжауынның» құрылған күні

 Астана. 20 тамыз. Baq.kz – Бүгін «Ақжауын» Мемлекеттік камералық оркестрінің құрылған күні.

 Елбасы Н.Назарбаевтың қолдауымен 2003 жылы 20 тамызда «Ақ жауын» Мемлекеттік камералық оркестрі құрылды. Шығармашылық ұжымның алғашқы концерті 2004 жылғы наурыздың 21-інде Конгресс-холл сахнасында өтті. Оркестрдің көркемдік жетекшісі және бас дирижері ҚР-ның еңбек сіңірген әртісі, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты, танымал композитор Секен Тұрысбеков. Оркестр дирижері Қазақ КСР-інің халық әртісі, Халық қаһарманы, дирижер-композитор Нұрғиса Тілендиевтің шәкірті, доцент Қарасай Сайжанов. Оркестр «Шабыт» халықаралық жастар шығармашылық фестивалінің, «Дарын» сыйлығының және «Жігер» фестивалінің лауреаты болған. Оркестрдің репертуарында Секен Тұрысбековтің «Ақ жауын», «Ақ­жүніс», «Салтанат», «Жазғы қар» т.б. күйлері бар. Аталған оркестр «Отаным - бақыт мекенім» жобасы аясында еліміздің ьарлық өңірлерінде концерттер берді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер