BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Ақтөбеде Ұлттық ұланның 33 жауынгеріне пәтер кілті тапсырылды

Астана, BAQ.KZ. Тәуелсіздік күніне орай Ақтөбе қаласында 6655-әскери бөлімнің 33 жауынгерлеріне пәтер кілті тапсырылды. Бұл туралы ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі хабарлайды.

33 әскери отбасы «Нұр Ақтөбе» жаңа шағын ауданындағы коттедж үйлеріне ие болды. Пәтер иелеріне Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов кілттерін табыс етті. Оның сөзіне қарағанда, Елбасы тапсырмасына сәйкес Қазақстанда әскери қызметкерлерді де баспанамен қамту жүзеге асырылып келеді. Олар «Әскери баспана» және «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» арқылы төмен пайызбен баспанаға қол жеткізуде. Ай сайынғы төлемақылар осы мақсатқа қорғаныс министрлігінен қарастырылған төлемдердің есебінен өтелетін болады. Барлық үйлерге инженерлік желі тартылып, аулалары абаттандырылған.

Шараға қатысқан 6655-әскери бөлім командирі, подполковник Мирас Тұрдалин ұзақ жыл осы салада қызмет еткен жандардың көптен күткен қуаныштарына қол жеткізгенін атап өтті.

Келісімшартпен қызмет ететін старшина, көп балалы әке Айдар Қарашолақов осының бәрі ұлы мәртебелі Тәуелсіздіктің арқасы екендігін мәлім етті.

«Менің жұбайым 6655-әскери бөлімінде келісімшартпен он жылдан астам уақыт бойы қызмет етіп келеді. Ұлық мейрам қарсаңында қоныс тойын тойлап жатқанымызға қуаныштымыз», - деді әскери қызметкерлердің бірінің зайыбы Асылзат Ермағамбетова.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер