BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Ақтөбеде Фариза Оңғарсынованың құрметіне ескерткіш тақта орнатылды

Астана, BAQ.KZ. Тәуелсіздік күні қарсаңында Ақтөбе қаласындағы №41 мектеп-гимназиясының ғимаратында атақты ақын, ҚР халық жазушысы, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Фариза Оңғарсынованың құрметіне ескерткіш тақта орнатылды.

Салтанатты шараға Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев, ақынның ұлы - Алмас Оңғарсынов, қоғам қайраткері әрі жазушы Әбіш Кекілбаевтың жұбайы – Клара Жұмабаева, қала тұрғындары мен қонақтары қатысты.

Облыс әкімі Тәуелсіздіктің 27 жылы ішінде халықтың әл-ауқатын көтеріп, білім, денсаулық, мәдениет, спорт, тұрғын үй құрылысы, ауыл шаруашылығы салаларын дамыту үшін Қазақстанда ең тиімді шаралар қабылданғанын атап өтті.

«Осы жетістіктердің бәрі – мемлекет басшысының көреген саясатының нәтижесі. Тәуелсіз еліміздің қалыптасуында қазақ халықының даңқты қызы Фариза Оңғарсынованың рөлі маңызды. Ол қазақ поэзиясын дамытуға елеулі үлес қосып, әдебиетке өшпес ізін қалдырды: оның қаламынан махабатты, ерлік істерді, адамдардың қайсарлығын жырлайтын жүздеген шығармалар шықты. Сондықтан мемлекетіміздің маңызды мерекесі қарсаңында атақты ақын қыздың есімі берілген мектепте ескерткіш тақта орнатылды», - деді өңір басшысы.

Сондай-ақ, мектепте Ф.Оңғарсынова атындағы мұражай ашылды. Мұнда оқушылар атақты ақын қыздың өмірбаянымен және шағырмашылығымен таныса алады. Алмас Оңғарсынов мұражайға ҚР халық жазушысының 12 томдық шығармалар жинағын сыйға тартты.

Айта кетейік, ақын, ҚР халық жазушысы Фариза Оңғарсынова атындағы 600 орындық жалпы білім беретін мектеп-гимназиясы осы жылдың тамыз айында ашылған. Алаңы 10,3 мың шаршы метрлік оқу орнының үш қабатты ғимараты балалардың оқуға және демалуға, сонымен қатар, мәдени және спорттық білімге деген қажеттілігін ескере отыра жобаланған.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер