BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Ақмола облысында Ұлттық домбыра күніне орай 600 шара өткізілді

Ақмола облысында Ұлттық домбыра күні мерекесіне орай ауқымды іс-шаралар өткізілуде, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Облыстық Ішкі саясат басқармасынан хабарлағандай, өңірдің қалалары мен аудандарында орталық алаңдарда, сал серілер, ақын-импровизаторлар: Біржан сал, Ақан сері, Балуан Шолақ ескерткіштерінде, білім беру және мәдениет мекемелерінде, сондай-ақ, балалар сауықтыру лагерлері бойынша 600-ден астам түрлі форматта шаралар ұйымдастырылды.

Атап айтқанда, Бурабай ауданындағы Абылай хан алаңында «Домбыра – асыл мұра» мерекелік концерті мен жастарға арналған «ДомбыраFest» музыкалық бағдарлама, Біржан сал ауданында – «Домбыра» мүсінінің салтанатты ашылуы, Бұланды ауданының орталығы Макинск қаласында «Күмбірле домбыра» домбыра-party, Ерейментау ауданында «Домбыра» монументінің алдында флеш-моб, ал Степногорск қаласында «Дала әуендері» дәстүрлі әндер конкурсы өтті.

Сондай-ақ, Көкшетау қаласында Біржан сал мен Ақан сері ескерткіштеріне салтанатты түрде гүл шоқтары қойылды.

Мерекелік шара мемлекет басшысының Жарлығымен, әрі қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің республикалық акциясына қолдау көрсету мақсатында «Ұлттық домбыра күні» акциясы 100-ден астам домбырашылардың қатысуымен «Тәуелсіздік» алаңында «Көңіл ашар», «Сары арқа», «Балбырауын», «Ерке сылқым», «Адай» және т.б. күйлерді орындаумен жалғасын тапты.

Сонымен қатар, «Көкшетау» мәдениет сарайының алдындағы алаңда «Ақан сері» мәдениет колледжінің оқытушылары мен студенттерінің қатысуымен «Бабамыздың үні сен – домбыра» атты концерт өтсе, Абылай хан алаңында – Біржан сал музыкалық колледжінің оқытушылары мен студенттері, сондай-ақ облыстық мұражайлардың қатысуымен домбырамен суретке түсуге арналған фото-аймақтар ұйымдастырылған. Домбырамен сүйікті әуендерін орындау үшін де жағдай ойластырылғандығын атап өткен жөн.

1 шілдеде Астана қаласында «Қазақ Елі» монументіне Құрманғазы, Тәттімбет және басқа да республикалық масштабтағы танымал 10 оркестрмен облыстық Үкілі Ыбырай атындағы филармонияның К.Күмісбеков атындағы қазақ халық аспаптар оркестрі мен өңірдің 7 аймағынан жиналған ең мықты және ең жақсы виртуоздық күйшілер мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өтетін Ұлттық Домбыра күні мерекесіне орай ауқымды күй орындау шарасына қатысуда.

Атап өту қажет, қалалық перзентханада ұлттық мереке қарсаңында Әли есімді нәресте дүниеге келген. Оған Қазақстан Халқы Ақмола Ассамблеясы Хатшылығының меңгерушісі Ринат Галлямов домбыра табыс етті.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер