BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Ақмола облысында «Ұлттық домбыра» күнін тойлау жалғасуда

Ұлттық домбыра күні мерекесіне орай Біржан сал ауданының Степняк қаласындағы мәдениет үйінде «Күмбірле, домбыра!» атты мерекелік концерт өтті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Іс-шараға жергілікті атқарушы органдардың өкілдері және қала тұрғындары қатысты. Біржан сал атындағы мәдениет үйінің ұжымы көрермендерге қызықты шығармашылық бағдарламасын көрсетті. Сахнада «Көкек» және «Арай» ансамбльдері өздерінің 20-дан астам шығармашылық бағдарламаларымен мерекелік күн сыйлады. Бишілер өздерінің барлық дағдылары мен таланттарын көрсетті. Жалпы, мәдениет үйінде күні бойы көтеріңкі көңіл күй болды.

Домбыра – жай ғана аспап емес, ол бабадан қалған асыл мұра, әр қазақтың рухы мен жаны. Көмейінен күмбірлі күй төгіл­ген қасиетті қазақ аспабы, міне, енді дәстүрлі түрде жыл сайын ұлттық деңгейде аталып өтілетін болады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер