BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

30 шілде – Халықаралық достық күні

Фото: интернеттен

Күнтізбедегі ең жас мерекелердің бірі. Оны атап өту туралы шешімді БҰҰ Бас Ассамблеясы 2011 жылдың 27 сәуірінде өткен 65-інші сессиясында қабылдады, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.

Жаңа датаны бекітуге идеологиялық негіз - Мәдениет және бейбітшілік саласындағы іс-қимыл декларациясы мен бағдарламасы, сондай-ақ 2001-2010 жылдарды қамтыған бүкіл ғаламшардың мүддесі үшін бейбітшілік мәдениеті мен зорлық-зомбылықсыз халықаралық онжылдық болды. БҰҰ мемлекеттік құрылымдарға, сондай-ақ халықаралық және өңірлік ұйымдарға бұл күнді әр елдің дәстүрі негізінде атап өтуді ұсынды. БҰҰ-ның қарарында әртүрлі халықтар арасындағы достықты ңығайту аса ерекше атап өтілген. Сонымен қатар Халықаралық достық күнінің тағы бір мақсаты - түрлі мәдениеттерді құрметпен қабылдауға бағытталған қоғамдық қызметтерге жастарды, соның ішінде болашақ көшбасшыларды тарту.

Сонымен қатар, бүгін – Дүниежүзілік адам саудасымен күрес күні. Датаны 2013 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы бекітті.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер