29 тамыз ядролық қару құрбандарын еске алу күні - Атаулы күн|26 Тамыз 2013, 18:17
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

29 тамыз ядролық қару құрбандарын еске алу күні

Астана. 26 тамыз. Baq.kz – 29 тамызда әлемдік қауымдастық Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күнін атап өтеді. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялық қызметтің ресми өкілі Алтай Әбибұллаев мәлім етті.

2010 жылдың 29 тамызы – Бейбітшілік пен ядролық қатерді болдырмау үшін аса маңызды. Қазақстанның бастамасымен, БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының қолдауымен бұл күн БҰҰ-ның күнтізбесіне енгізілген болатын. Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың 1991 жылғы 29 тамыздағы әлемдегі ең ірі Семей ядролық полигонын жабу туралы Жарлығымен тікелей байланысты.

Бұл күннің басты мәні – Қазақстанның ядролық қаруды таратпау және қарусыздандыру мәселелері жөніндегі ұстанымына, сонымен қатар, жекелеген елдермен ядролық сынақтарға жан-жақты түгел қамтитын тыйым салу туралы Шарттың күшіне енуі үшін тез арада оны ратификациялауға деген үндеуді күшейту.

Қазақстан жариялаған ATOM жобасы аясында әлемнің бүкіл халқы дүние жүзіндегі ядролық қаруды сынаудың құрбандарын еске алу үшін бір минут үнсіздікке шақырады. Бір минут үнсіздік 29 тамыз күні сағат 11:05-те, бүкіл әлем бойынша әрбір елдің жергілікті уақытымен сағат тілі V – «Victory» - Жеңіс символикалық латын әріпін көрсеткен кезге белгіленді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер