BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Мемлекет басшысы ҰОС ардагерлеріне алғысын білдірді

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстан президенті, ҚР Қарулы күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлы Отан соғысынын ардагерлеріне шексіз алғысын білдірді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Құрметті қауым, бірер күннен кейін баршамыз 9-мамыр – Ұлы жеңіс күнін тойлаймыз. Бұл жеңіске біздің ардақты ардагерлеріміз өлшеусіз үлес қосты. Бүгінгі ұрпақ – жеңімпаз майдангерлерімізге мәңгі қарыздар. Барша қазақстандықтар атынан ардагерлерімізге мыңда бір алғысымды айтамын. Өшпес даңқ пен өлшеусіз ерліктің өнегесіне айналған бабалар аманатына әрдайым барлығымыз берік болайық. Баршаңызға амандық, бейбіт өмір, бақ-береке тілеймін», - деді Нұрсұлтан Назарбаев «Отар» әскери базасының аумағында өтіп жатқан ҚР Қарулы Күштерінің әскери парадта.

Естеріңізге сала кетейік, 1941 жылдың 22 маусымы күні, шамамен таңғы сағат 4 кезінде фашистік Герман әскері КСРО-ның батыс шекарасына басып кірді. Осылайша, тарихта ІІ Дүниежүзілік соғыстың шығыс майданы - Ұлы Отан соғысы басталды.

Соғыс 4 жылға созылып, 1945 жылдың 9-мамырында Кеңес Одағының жеңісімен аяқталды.

Соғыс жылдарында Кеңес Армиясының қатарына 1 млн 200 мыңнан аса қазақстандықтар шақырылды, 20-дан астам атқыштар дивизиясы мен басқа да әскери бөлімдер құрылды. Майданға Қазақстаннан 14,1 мың жүк және жеңіл автомобильдері, 1,5 мың шынжыр табанды трактор, 110,4 мың жылқы жіберілді.

Соңғы деректер бойынша, Қазақстаннан майданға аттанған 1 млн 200 мың жауынгердің 600 мыңы соғыстан қайтып оралмады.

Бұрынғы Кеңес Одағының 27 миллионға жуық адамын жалмаған қанды қырғында елімізден аттанған 500-ден астам жауынгер 1934 жылы бекітілген ең жоғарғы Кеңес Одағының Батыры атанған болатын. Оның 100-ден астамы - қазақтар.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер