ШҚО елордадағы жəрмеңкеге 35 тонна бал əкелді - Ел жүрегі - Астана|29 Қыркүйек 2018, 13:36
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

ШҚО елордадағы жəрмеңкеге 35 тонна бал əкелді

Фото: Нұржас Жақсыбай

Астанада Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтіп жатыр. Сатуға барлығы 300 тоннадан астам өнім əкелінген, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

"Қазақстан" спорт кешенінің аумағында елорданың 20 жылдығына орай Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтіп жатыр. Қажетті өнімді бүгін және ертең сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін сатып алуға болады.

Облыстың ірі тамақ өңдеу кәсіпорындары және шаруа қожалықтары Астана қаласының тұрғындарына экологиялық таза, жоғары дәрежедегі өнімдерді ұсынып отыр. Алаңға орнатылған палаткаларда бал және ара өнімдері, күнбағыс майы, қарақұмық жармасы, бұрыш, жылқы еті, сүт өнімдерінің түрлері: сүзбе, ірімшік, қаймақ, сүт қышқылды өнімдер, шұжық өнімдері, балық, панты өнімдері, сондай -ақ, картоп, қырыққабақ, сәбіз сияқты бақша өнімдері мен қымыз, тары, құрт сынды ұлттық тағамдар сатылып жатыр.

"Мен демалыс күндері осындай жəрмеңкелерге келіп тұрамын. Бұнда азық-түлікті арзандау бағаға сатып алуға болады. Шығыс Қазақстанның жəрмеңкесінен əрине бал сатып алдым. Көкөніс пен жеміс -жидекті де ұмытқан жоқпын", - деді қала тұрғыны Айгүл Əнуарова.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, жәрмеңке аясында елорда тұрғындарына 35 тонна бал, 6 тонна шұжық өнімдері, 11 тонна сүт өнімі, 13 тонна күнбағыс майы, 8 тонна жарма, 45 тонна жылқы еті, 10 тонна қымыз және ұлттық тағамдар, панты өнімдері, 200 тонна көкөніс өнімдері мен басқалар ұсынылған. Барлығы 300 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімдері сатылып жатыр. Өнімдер Астанадағы базар бағасынан 15-20 пайызға төмен бағамен саудалануда.

Жәрмеңкеге облыстың Семей, Өскемен қалалары, Абай, Аягөз, Бесқарағай, Бородулиха, Зырян, Глубокое, Зайсан, Жарма, Тарбағатай, Күршім, Көкпекті, Шемонайха, Қатонқарағай, Ұлан, Үржар аудандарының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері қатысып отыр.

Фото: Нұржас Жақсыбай


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер