Шығыс Қазақстан жәрмеңкесінде 50 сауда нүктесі болады - Ел жүрегі - Астана|24 Қыркүйек 2018, 17:59
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Шығыс Қазақстан жәрмеңкесінде 50 сауда нүктесі болады

Бұл шара елорданың 20 жылдық мерейтойына байланысты ұйымдастырылып отыр. Шығыс жәрмеңкесі Қ.Мұңайтпасов көшесі мен «Қазақстан» спорт кешені аумағында таңғы 9:00-ден сағат 18:00-ге дейін жалғасады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Өнімдердің бағасы Астана базарларымен салыстырғанда 15-20 % төмен болатын көрінеді.

Аталған жәрмеңкеге Өскемен, Семей қалаларымен қоса 15 аудан бірдей атсалысып, жоғары сапалы, экологиялық таза өнімдер ұсынатын 50 сауда орны ұйымдастырылады. Сондай-ақ, бұл күні астаналықтар Алтайдың бренді – ара балын сатып ала алады.

Жалпы жәрмеңкеде құны 210 млн теңгені құрайтын 300 тонна ауылшаруашылық өнімі саудаланбақ.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер