BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 379.29 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 426.4 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.93
Астана:

Қала әкімі Астанадағы газ бағасы жөнінде мәлімдеді

Астана әкімі Әсет Исекешев бүгін халыққа есеп беру кездесуінде қала тұрғынынан келіп түскен сұраққа жауап беру барысында елорданы газдандыру мен газ бағасы жайында мәлім етті, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Астананы газдандыру мәселесі қазіргі таңда Үкіметте қарастырылуда, үлкен талқылаулар жүріп жатыр және бұл мәселені Мемлекет басшысы өз бақылауында ұстап тұр. Үкіметте барлық нұсқа қарастырылып жатыр. Әйтсе де, елордадағы газ бағасы қандай болатыны жанында қазір айту ерте, біз оны білмейміз. Жалпы, газдандыру – бұл расында да қала үшін стратегиялық мәселе. Себебі, қала қарқынды өсуде және одан әрі көмірмен даму мүмкін емес. Жеке секторларды да газдандыру керек. Бұл мәселе күн сайын талқыланып жатыр десек те болады. «Промышленный» тұрғын үй ауданы да маңызды, ол жақта 10 мыңға жуық адам тұрады. Егер, сәйкес шешім қабылданса, аталған аудан да газдандырылады», - деп жауап берді Исекешев.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер