Халықаралық сәулетшілер конгресі туралы: Мәденит және спорт министрлігі олқылықтың орнын толтырды - Ел жүрегі - Астана|18 Шілде 2018, 16:11
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Халықаралық сәулетшілер конгресі туралы: Мәденит және спорт министрлігі олқылықтың орнын толтырды

Фото: ашық дереккөзден

Күні бүгінге дейін елімізде сәулет өнеріне лайықты деңгейде көңіл бөлінбей келді, алайда ҚР Мәдениет және спорт министрлігі осы олқылықтың орнын толтырды. Бұл туралы 16-18 шілде аралығында өткен Халықаралық сәулетшілер конгресі жұмысының қорытындысына арналған баспасөз конференциясында Сәулетшілер одағы халықаралық қауымдастығының президенті Серік Рүстембеков мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Сәулет өнері осы өмірдегі бар өнердің «анасы» болып табылады. Сурет салу, мүсін жасау болсын олардың барлығы бастауын сәулет өнерінен алады. Жалпы, күні бүгінге дейін Мәдениет министрлігінің басшылығына олардың бізбен дұрыс жұмыс істемейді деп шағымданатынбыз. Бүгінде бұл олқылықтың орны толтырылды. ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Астананың 20 жылдығын атап өту аясында біздің осындай ауқымды шара өткізуімізге көмектесті. Болашақта бұл дәстүрге айналады деген ойдамыз, Мүмкін екі жылда бір рет өткізетін болармыз», - деді Сәулетшілер одағы халықаралық қауымдастығының президенті Серік Рүстембеков.

Сонымен қатар, ол Астана қаласының өткен жұз жылдықта және 21 ғасырда жапан далада салынған санаулы қалалардың қатарына кіретінін атап өтті.

«Өткен жүз жылдықта және 21 ғасырда жапан далада салынған қалалар саусақпен санарлықтай. Мысалы, Автсралиядағы Кандра, Бразилияның жаңа қаласы - Бразилия және біздің Астана. Конгрестің жұмысы барысында осы үш қаланың арасындағы үндестік, пен айырмашылық өзара салыстырылды. Жасыраты жоқ, шетелден келген сарапшылардың барлығы дерлік Астананың сәулетіне тамсанып, оң бағасын беруде », - деді Серік Рүстембеков.

Жалпы, еліміздің еңбек сіңірген сәулетшісінің айтуынша, конгресс барысында сәулет өнері саласындағы заманауи тенденциялар әңгіме өзгіне айналып, жан-жақтан жиналған мамандар пікірін ортаға салған.

Айта кетейік, конгреске алыс және жақын шетел сәулетшілер, үкімет пен бизнес өкілдері, еліміздің барлық облыстары мен республикалық маңызы бар қалаларынан (Астана, Алматы, Шымкент) отандық сәулетшілер, девелоперлер, технологиялық компаниялар, жобалау бюролары, инженер-жобалаушылар, жоғары оқу орындарының сәулет өнері факультетінің студенттері, қала белсенділері, урбанистер, қазіргі заманғы суретшілер, және БАҚ өкілдері қатысты.

Конгрестің жұмысы кәсіби тәжірибе алмасу, әлемдік сәулет өнерінің дамуының концептуалдық-теориялық бағыттарымен және оның негізгі тенденцияларымен танысу; қазақстандық және шетелдік жетекші сәулетшілермен шығармашылық байланыстар орнату; қоғамдағы сананың ашықтығын қалыптастыру – сәулет өнеріндегі ұлттық мәдениеттің үздік дәстүрлерін сақтай отырып, прогрессивті әлемдік тәжірибе мен білімді қабылдау қабілеттілігін қалыптастыру арқылы заманауи отандық сәулет өнерін дамытуға бағытталды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер