Елiмiзде «Айбын» әскери-патриоттық жиын жеңiмпаздары анықталды - Ел жүрегі - Астана|24 Шілде 2018, 16:23
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Елiмiзде «Айбын» әскери-патриоттық жиын жеңiмпаздары анықталды

Фото: diakom.gov.kz

Елiмiзде «Айбын» республикалық әскери-патриоттық жиын жеңiмпаздары анықталды. Жеңiмпаздармен ҚР Қарулы күштерi Бас штабы бастығының орынбасары, генерал-майор Мұхамеджан Таласов таныстырды, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.

«Биыл төртiншi рет ұйымдастырылған жиын Қарағанды облысындағы «Спасск» оқу-жаттығу орталығының полигонында өттi. Шара елорданың 20-жылдық мерейтойына орайластырылды. Жыл сайын өткiзiлетiн «Айбын» әскери-патриоттық жиыны ең ауқымды iс-шара саналады. Олардың қорытындысы бойынша үздiк әскери-патриоттық клуб айқындалады. Соңғы үш жыл iшiнде «Айбын» жиынының қорытынды кезеңiне 3 мың 110 бала қатысты», - дедi ОКҚ брифингi барысында генерал-майор Мұхамеджан Таласов.

Оның айтуынша, биылғы жиын қорытындысы бойынша әскери-патриоттық клубтар арасында бiрiншi орынды Алматының Б.Момышұлы атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебiнiң командасы, екiншi орынды Семейдiң Ш.Уәлиханов атындағы ер балаларға арналған «Жас ұлан» мамандандырылған мектебi, үшiншi орынды Шымкенттiң С.Рақымов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебi алды.

Ал, ҚР Қарулы күштерi мен басқа да әскери құрылымдардың әскери-патриоттық клубтары арасында «Шығыс» әскери-патриоттық клубы бiрiншi орынды, Отардағы «Жас қыран» әскери-патриоттық клубының командасы екiншi орынды және Сарыөзектiң «Жас десантшы» әскери-патриоттық клубы үшiншi орынды еншiледi.

Сондай-ақ, өңiрлердiң әскери-патриоттық клубтары арасында Павлодардың «Қайсар» командасы бiрiншi орынды, БҚО-ның «Жiгер» командасы екiншi орынды және Астананың «Жас бүркiт» командасы үшiншi орынды қанжығалады.

Ал, «Айбыны асқақ жас сарбаз» жүлдесi Бекзатхан Қалмырзаевқа бұйырса, Павлодардың «Қайсар» әскери-патриоттық клубы бас жүлде иегерi атанды. Жеңiмпаздарға бағалы сыйлықтар табысталды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер