Демалыс күндері Астанада қайда баруға болады - Ел жүрегі - Астана|03 Тамыз 2018, 21:47
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Демалыс күндері Астанада қайда баруға болады

Фото: Liter.kz

4 және 5 тамыз демалыс күндері Астана тұрғындары мен қонақтарына қайда баруға болатыны жөнінде Baq.kz ақпарат агенттігі sxodim.com-ға сілтеме жасап шолу жасап көрді.

Сенбіде заманымыздағы ең үздік хит-мейкерлердің бірі JAH KHALIB-тің үлкен жеке концерті болады. Бұл осы жаздағы күтіп отырған музыкалық оқиғалардың бірі. Ол Қазақстанға ғана емес, шетелге танымал «Лейла», «Медина», «Сенің ұйқылы көздерің» атты хит әндердің авторы. Концерт «Конгресс-орталықтың» алаңында сағат 20:00-де. Билеттер 7 000 теңгеден басталады.

Сондай-ақ, 4 және 5 тамызда Тәуелсіздік сарайында GeekCon Astana атты ауқымды гик-фестиваль өтеді. Бұл шара қазіргі заманғы поп-мәдениет жанкүйерлеріне арналып өткізіліп отыр. Қонақтар үшін концерттік шоу-бағдарлама, медиа тұлғалардың сөз сөйлеуі, тақырыптық тауарлар жәрмеңкесі, отандық кинорежиссерлер мен ойын, комикс шығарушылардың презентациялары дайындалды. Іс-шара 13:00-де басталады. Билет құны 2 000 теңге.

Бұдан бөлек, Астанадағы Мұрат Мұтырғановтың Шапито циркі қала тұрғындары мен қонақтарына күлкі сыйлауын жалғастырады. Шоу 15 қыркүйекке дейін болады. Билет құны 2 000 теңгеден басталады. Қызықты цирк шоуын Астана ЭКСПО-2017 халықаралық көрме аумағынан көре аласыздар.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер