Даниал Ахметов Мұзтау шыңын бағындырған альпинистермен кездесті - Ел жүрегі - Астана|27 Тамыз 2018, 17:57
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Даниал Ахметов Мұзтау шыңын бағындырған альпинистермен кездесті

Фото: Kazakh Tourism

Мұзтау шыңын бағындырып, төменге түскен Қазақстанның 20 тау шыңы экспедициясының альпинистер тобын Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов күтіп алды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Даниал Ахметовтың айтуынша Мұзтау шыңы альпинистердің ғана емес, әлемнің түрлі діни ағымдарының өкілдерінің де қызығушылығына ие. Дәл осы Мұзтау маңайына жыл сайын Тибет монахтары келеді. Өйткені, Алтай өңірі Шамбала қақпасы (бірнеше мәрте ежелгі мәтіндерде, соның ішінде Калачакра-тантрда ескертілген Тибеттің немесе Азияның басқа да аймақтарындағы мифтік елі) болып табылады.

«Алтай – әлем бесігі», - деді Даниал Ахметов өңірдің түрлі археологиялық олжалары туралы сөз қозғағанда.

Аталмыш экспедиция үш өңірді: Алматы, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарын, әсіресе, Тянь-Шаньның батыс және солтүстік жағының басым бөлігін қамтиды. Маршрут әрі қарай көпшілік туризмді дамыту бағытында жаяу, тау маршруттары және альпиадаларға қызықты болатын нысандарды барынша қамтуға тырысқан.

Экспедицияға 100—ден астам адам қатысуда. Олардың қатарында кәсіби альпинистер, тәжірибелі саяхатшылар, журналистер, танымал интернет-блогерлер бар.

Экспедиция аясында қазіргі бар турөнімдер толғырақ зерттеліп, жаңа туристік маршруттар жасалатын болады.

Кездесу барысында альпинистер экспедиция жайлы айтып, алдағы жоспарларымен бөлісіп, жолда кездескен қиындықтарын баяндады. Даниал Ахметовтың өзі де тауды және осы сияқты экспедицияларды ұнататындығын, осыдан үш жыл бұрын өзі де Мұзтауды бағындырмақшы болғандығын, әйткенмен жұмыс пен уақыттың аздығы мүмкіндік бермегендігін айтты.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер