BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Бейбітшілік аллеясына 350 түп көшет отырғызылды

Фото: Нұржас Жақсыбай

Бүгін Астана қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы Есіл және Алматы аудандары әкімшіліктерімен бірігіп, «Гүлдене бер, Астана!» экологиялық акциясын өткізді. Елорданың 20 жылдығына орайластырылған шара барысында 350 түп көшет отырғызылды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

"Бүгінгі экологиялық акция елордамызды көгалдандыруға үлесімізді қосу үшін ұйымдастырылып отыр. Шара алғаш рет өткізілуде. Біз ашылғанына көп болмаған "Достық" үйінің маңында көгалдандыру жұмыстарын жүргізіп отырмыз. Осылайша табиғатымызды таза ұстаумен қоса, ағаш отырғызып, қаламызды жасыл желекке бөлеуді жөн санадық. Бұл шара өзіміз үшін де, қала экологиясы үшін де маңызды. Бүгінгі акцияға жастар белсене қатысып отыр. Бұл олардың тәрбиесі мен туған жерге деген қамқорлығының белгісі. Əрине, бұл -жақсы", - деді Қазақстан Халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Леонид Прокопенко.

Фото: Нұржас Жақсыбай

Акция шеңберінде Достық үйі мен ЭКСПО-паркі алаңындағы Бейбітшілік және келісім аллеясында абаттандыру мен көшет отырғызу жұмыстары ұйымдастырылды. Барлығы 350 түп қарағай, шырша, қайың, терек отырғызылды.

Фото: Нұржас Жақсыбай

ЭКСПО-паркі алаңында жастардың флешмобы мен этномәдени орталықтардың концерттік бағдарламасы назарға ұсынылды. Іс-шара соңында барлық қатысушыларға ұлттық тағамдар ұсынылды.

Фото: Нұржас Жақсыбай

Акцияға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ҚР Президенті Әкімшілігі ҚХА Хатшылығы, Астана қаласының әкімшілігі, «Қоғамдық келісім» РММ қызметкерлері, этномәдени бірлестіктер, студенттер мен басқа да азаматтар қатысты.

Фото: Нұржас Жақсыбай

Видео: Нұржас Жақсыбай


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер