BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Атырау өңірі Астананың 20 жылдығына арнап көпір салады 

Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев өңірдің Астананың 20 жылдығана жасайтын сыйлығы туралы айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Астананың 20 жылдығы – өте маңызды оқиға. Атырау облысы әрине, бұл шараға атсалысады. Біз бүгінгі күні оң және сол жағалауды жалғайтын көпір салып жатырмыз. Бұл мәдениет саябағының маңында болады», - деді Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жүзеге асуы туралы өткен баспасөз мәслихатында.

Өңір басшысының айтуынша, көпірдің құрылысы шамамен 6 млрд теңгені құрайды. Бөлінген қаржы жергілікті бюджеттен және демеушілердің қаражатынан құралған.

Айта кетейік, бүгінгі брифингте Нұрлан Ноғаев Атырау облысында жергілікті бюджеттен 300 білім грантын бөлу жоспарланып отырғанын айтқан болатын.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер