«Атырау көпірі» қалай салынды? - Ел жүрегі - Астана|13 Тамыз 2018, 16:37
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

«Атырау көпірі» қалай салынды?

Фото: интернеттен

Желіде Астананың орталығындағы жаяу жүргіншілер көпірі құрылысының видеосы жарияланды, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.

Роликті BI Group компаниясы Facebook парақшасына салды.

Астананың 20 жылдық мерейтойына арналған жаяу жүргіншілер көпірі –Атырау облысының сыйы. Видео құрылыстың ең алғашқы кезеңі 2018 жылдың ақпан айынан басталады. Нысан 6 айдың ішінде салынды. Оған «Атырау көпірі» деген атау қойылды.

Көпір Самал шағын ауданын Орталық саябақ және Амфитеатрмен қосты. Онда алты метрлік жаяу жүргіншілер жолағы, үш метрлік веложол және жарты метрлік қауіпсіздік жолы бар.

"Көпірді ресми түрде ашуға 4 күн қалғанда елордада жаңбыр толассыз жауды. Құрылысшылар веложолдың төсенішін аяқтау үшін көпірді үстінен 6000 метрлік полиэтилен пленкамен жауап тастады", - деп жазылған роликтің астында.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер