BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 379.36 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 424.47 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.88
Астана:

Астананың 20 жылдығы Татарстанда аталып өтті

Астананың 20 жылдығына арналған көрме Татарстанның бас қаласы Қазанда өтіп жатыр. «Дала тарихы» деген атпен белгілі бұл шарада 20 туынды көпшілік назарына ұсынылды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

24.kz арнасының мәліметіне қарағанда, суретші 20 жыл ішінде елордада өткен басты тарихи оқиғаларды бейнелеген.

Көрме Татарстан халықтарының Достық үйінде өтіп жатыр. Оның авторы Ресей шығармашылық көркем-өнер шеберханасы академиясының өкілі – Альберт Шыныбаев. Ол Қазақстанда дүниеге келген. Автордың картиналары қазақ халқының тұрмыс тіршілігі мен салт-дәстүрлерін бейнелейді.

"Өмірімнің біраз бөлігін Ресейде өткіздім. Бірақ Қазақстанның орны бөлек. Мен бұл елдің мәдениетін ерекше жақсы көремін. Әсіресе, шығармашылықпен айналысатын жандар үшін таптырмас қазына деп білемін" - дейді суретші Альберт Шыныбаев.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер