BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 379.36 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 424.47 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.88
Астана:

Астанаға «ТМД аруы-2018» байқауының қатысушылары жиналды

Астанаға «ТМД аруы-2018» атағы үшін бәсекелесуге 10 елден 18 жастан 27 жас аралығындағы 19 қатысушы жиналды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Байқау өткізіліп келе жатқан уақыт ішінде (22 жылда) алғаш рет Астанада ұйымдастырылып отыр және ол елорданың 20 жылдығына орайластырылды.

Байқаудың мақсаты - қатысушы елдер арасында туризм мен мәдениетті дамыту.

Конкурста өз елін таныстырып, құрмет көрсету үшін қатысушылар бірнеше кезеңнен тұратын кешенді іріктеуден өтті.

Қатысушылар ақтық сайысқа бірнеше күн қалған кезде Астанада жиналып отыр. Осы уақыт аралығында олар қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарымен танысады, сондай-ақ Астананың көрікті жерлерін аралап, мерейтойлық мерекелер мен қайырымдылық шараларға қатысады.

Нақтырақ айтқанда, байқауға қатысушылар «Нұрлы жүрек» психоневролоиялық диспансерде, Бурабай курорттық аймағында болып үлгерді. Алдағы күндері «Астана-Арена» стадионындағы жолдастық матчқа, Армения елшілігінде ұйымдастырылатын қабылдау кешке қатысады.

Естеріңізге сала кетейік, 2017 жылы «ТМД аруы» байқауы Армения астанасы Ереванда өтті. Ал 27 шілде сағат 19.00-де «Казмедиа орталығы» киноконцерт залының сахнасында байқаудың ақтық мәресі өтеді.

Байқауға қатысушылар өз ұлттық киімдерін, сондай-ақ кешкі көйлектерін бар сән-салтанатымен киіп шығады. Эксклюзивті шоу бағдарламаға сонымен қатар әлемдік сахна жұлдызы, дарынды суретшілер мен көрнекті дизайнерлер қатысады.

Байқауға қатысушылар үшін өткізіліп отырған шара - әлемге әйгілі модельдік агенттіктермен, өндірістік орталықтар мен режиссерлермен ынтымақтастық орнату үшін үлкен мүмкіндік.

«Мисс ТМД» байқауы 1996 жылдан бастап жыл сайын өткізіліп келеді. «ТМД аруы-2018» байқауы «ТМД аруы» Халықаралық байқауының бас директоры және негізін қалаушысы Наири Мнацаканян мен «Velada халықаралық модель агенттігінің тікелей қолдауымен өткізіліп отыр.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер