Астанадағы жәрмеңкеге Батыс Қазақстан облысы 120 тонна өнім әкеледі - Ел жүрегі - Астана|16 Тамыз 2018, 08:55
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Астанадағы жәрмеңкеге Батыс Қазақстан облысы 120 тонна өнім әкеледі

Астана қаласының 20 жылдық мерекесі шеңберінде 18-19 тамыз күндері Батыс Қазақстан облысының жәрмеңкесі болады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жәрмеңке Қ. Мұңайтпасов 7 көшесіндегі «Қазақстан» СК көлік қоятын орнында өтетіні анықталды.

Бар-жоғы облыстың 37 тауар өндірушісі қатысады, 79 млн теңге сомасында 120 тонна ауылшаруашылығы өнімдері ұсынылады.

Бұл ең алдымен еттің барлық түрі, ең ірі республикалық «Кублей» қайта өңдейтін кәсіпорнының 10 тонна консерві бұйымдары, кондитерлік өнімдер, сусындар және тағы басқалары.

Дәстүр бойынша жәрмеңкеде облыстың шығармашылық ұжымдары концерттік бағдарлама ұсынады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер