Астанада мүмкіндігі шектеулі жастар арасында спорттық ойындар басталды - Ел жүрегі - Астана|17 Шілде 2018, 21:27
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Астанада мүмкіндігі шектеулі жастар арасында спорттық ойындар басталды

Фото: dos.com.kz

«Қазақстан студенттер альянсы» жас мүгедектер бірлестігімен бірге Қоғамдық даму істері басқармасының қолдауымен мүмкіндігі шектеулі жастар арасында спорттың 9 түрінен спорт ойындарын өткізеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Астана әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Спорт дисциплинасының ішіне шахмат, тоғызқұмалақ, үстел теннисі, армрестлинг, арқан тартыс, пауэрлифтинг және т.б. кіреді.

Жарыс Астананың 20 жылдығына арналады, ал мақсаты – мүмкіндігі шектеулі жандар арасындағы жастардың шығармашылық әлеуетін іске асыру және оларға қолайлы орта жасау. Спорттық сайысқа 100-ден астам адам қатысады деп күтіліп отыр. Әрбір қатысушы бағалы сыйлықтармен, алғыс хаттармен марапатталады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер