BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 378.17 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 429.11 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.88
Астана:

Астана әлем ақындарының көзімен

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстан астанасының 20 жылдығын мерекелеу құрметіне 30 тамызда Астанада «Ақ ордалы Астана» халықаралық поэзия кеші өтеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Бұл шараға танымал отандық ақындар мен әлемдік деңгейдегі білікті ақындар қатысады. Көптеген шет елдік танымал ақын жазушыларда аталмыш шараға өз үлестерін қоспақ.

Аталмыш шығармашылық кешке Финляндиялық ақын, эссеші, славян, орыс әдебиетінің аудармашысы Юкка Маллинен, ақын, жетпіс кітаптың авторы, Шанхай университетінің профессоры Оуянг Ю, Француз жазушысы, публицист және аудармашы, прозашы Тьерри Мариньяк, ақын, баспагер, суретші Малгожата Махлевская, ақын, баспагер Гагик Давтян, ақын Любовь Красавина, ақын, прозашы, сыншы, «Литературный газеты» атты газеттің бас редакторы Максим Замшев, ақын Сергей Мнацаканян, ақын, аудармашы Михаил Синельников қатысады.

«Қазақ даласы қай ғасырда да әлем тарихшылары, мәдениеттанушылар, ақындар мен ғалымдар үшін таңғажайып кеңістік – алтын сандық іспетті болған. Көне қалаларымыз – Тараз бен Сүяб, Фараб пен Ясы жөнінде қалам тартпаған, жырына өзек, жазбасына арқау қылмаған шайырлар мен хакімдер некен-саяқ. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдары жаңа Қазақстан әлем ғалымдарының, дін басыларының, саясаттанушылардың пікірлесу алаңына айналды. ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Астана – Әлем ақындары көзімен» атты ауқымды іс-шарасы әлем қаламгерлері мен ел қаламгерлері арасында алтын көпір болатындығымен қуантады. Астананы жырлау – Қазақ елінің өткені мен бүгінін, жарқын келешегін, оның асқақ армандары мен асыл мұраттарын жырлау. Осы тұрғыдан келгенде бұл іс-шара мәдени оқиға болғалы тұр деп санаймын», - дейді «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, ақын Ерлан Жүніс.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
30 Желтоқсан 2018, 12:54
Софияда Астана көшесі ашылды
Пікірлер