Ақтөбе облысында «Салауатты дағдылар марафоны» челленджі басталды - Ел жүрегі - Астана|18 Шілде 2018, 08:08
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Ақтөбе облысында «Салауатты дағдылар марафоны» челленджі басталды

Фото: ustinka.kz

17 шілдеде Денсаулық саябағында «Behealthy – Будь здоров – Денсаулық кепілі» ұранымен өтетін акцияға медицина қоғамдастығының, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері мен өмірлік белсенді ұстанымы бар қалалықтар қатысты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

«Жұртшылықтың өз денсаулығын назарын аудару, сондай-ақ қазақстандықтардың өз денсаулығына жеке жауапкершілігін арттыру мақсатында 11 шілдеде Астанада ҚР Денсаулық сақтау министрлігі «Салауатты дағдылар марафоны» кең көлемді акциясын ұйымдастырды. Өңіріміздің медицина қоғамдастығы Астанамыздың 20 жылдығы құрметіне «Денсаулық жолы» ұлттық бағдарламасы аясында челлендж өткізеді. Біз бүгін эстафетаны еліміздің басқа өңірлеріне тапсырамыз», - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев.

Челлендж қатысушыларды үш негізгі әрекетті: үстелден тұзы бар тұз сауытты 10 күнге алып тастауға, осы мерзім ішінде тәулігіне 2 литрге дейін таза су ішуге және күн сайын 10 000 қадам жасауға шақырады.

Бұл акцияға қатысу шарттары Инстаграмм әлеуметтік желісіндегі облыстық денсаулық сақтау басқармасының ресми парақшасында көрсетілген.

Челлендж 8 қыркүйекте Денсаулық фестивалінде мәресіне жетеді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер