Жамбылдан қалған жәдігер Астанадағы көрмеге қойылды - Жәдігер|19 Шілде 2017, 14:46
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Жамбылдан қалған жәдігер Астанадағы көрмеге қойылды

Фото: culturemap.kz

Жамбыл Жабаевтың әдеби-мемориалдық музейінің құнды жәдігерлері Астанадағы көрмеге қойылды. Жыр алыбының өмірі мен шығармашылығынан сыр шертетін экспонаттар ҚР Қарулы Күштерінің Әскери-тарихи музейінде М.Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи өлкетану музейінің «Туған өлке – тұнған тарих» атты көрмесіне қойылды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Көрмеге қойылған 231 ерекше экспонаттың қатарында Жетісу жерінен шыққан тарихи тұлғалардың жәдігерлері де жұрт назарына ұсынылды. Соның бірі жыр жампозы Жамбылдың жәдігерлері. Онда Алматы облысы Жамбыл ауылындағы ақынның ұзақ жыл тұрған өз үйінде орналасқан әдеби-мемориалдық музейдегі шығармалары мен қолданған ескі бұйымдары бар.

Атап айтқанда, құнды экспонаттардың қатарында Жамбыл атамызға 1936 жылы Алматы қаласындағы филормания әртістерінің сыйға тартқан шапаны мен бөрігі, 1937 жылы Қазақ педагогикалық институтының (қазіргі Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті) студенттері сыйлаған домбырасы, ақынның әдеби хатшысы болған Тайыр Жараковтың 1936 жылы Грузияға барған сапары кезінде ақынға алып берген таяғы, Жамбыл Жабаевтың өзі пайдаланған есту құралы мен көзілдірігі және 1940 жылы өкіметтің арнайы орнатып берген телефоны бар.

Жамбыл Жабаевтың ұлттың мәдениеті мен әдебиетіне қосқан үлесі үшін алған марапаттары мен медальдары

Ақынның көзілдірігі

Жыр алыбы қолданған есту құралы

Совет Одағы кезінде жарық көрген шығармалар жинағы

Ұлы Отан соғысынан хабар алып отыруы үшін өкіметтің 1940 жылы Жамбыл Жабаевтың үйіне орнатып берген телефоны

Ақынның балалары Ұлы Отан соғысына аттанардан бұрын түскен естелік суреті

Ақынның үйіндегі көне сағат

Музей қызметкерлерінің айтуынша бұл сағаттың тілі ақын 1945 жылдың 22 маусымында соңғы демі үзілген шақта кешкі 7:55-ті көрсеткен күйде тоқтаған көрінеді.

Айта кетейік, Жамбыл ауылындағы бұл музей ақын шығармашылығының 75 жылдығына орай өкіметтің сыйлаған 12 бөлмелі үйінде орналасқан.

Фото: Абзал Қалиев


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер