Шоқан жәдігерлері ЭКСПО қонақтарының назарына ұсынылды - Жәдігер|21 Шілде 2017, 16:31
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Шоқан жәдігерлері ЭКСПО қонақтарының назарына ұсынылды

Фото: Абзал Қалиев

Шоқан Уәлихановтың қолданған жауһар жәдігерлері «ЭКСПО-2017» көрмесіне келген қонақтардың назарына ұсынылды. ҚР Қарулы Күштерінің Әскери-тарихи музейінде М.Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи өлкетану музейінің «Туған өлке – тұнған тарих» атты көрмесіне қойылған экспонаттардың барлығы тарихи ерекшелігімен құнды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Көрмеге Алматы облысы Кербұлақ ауданы Шоқан ауылында орналасқан Шоқан Уәлиханов атындағы «Алтынемел» мемлекеттік мемориалды музейінің құнды жәдігерлері қойылды.

1985 жылы ашылған музей кешенінде музей қорынан бөлек Шоқан Уәлихановқа арналған ескерткіш пен мазары орналасқан. Музей директорының айтуынша, кешеннің ерекшелігі де осында екен.

«Қазақтың ағартушы ғалымы, этнограф, тарихшы, географ, фольклорист қызметінің барлық аспектілері мемориалдық кешеннің залдарында сақталған. Яғни, экспозицяда Шоқанның жеке заттары – эполеттері, қаруы, ер тоқымы, ол құрған карталар мен сыбалар, қолжазбалар, саяхат пен экспедициялар барысында жасалған графикалық және көркем суреттері, халық қолданбалы өнерінің топтамалары бар. Ал бүгінгі көрмеге Шоқанның өзі қолданған санаулы ғана құнды жәдігерлерін әкеліп отырмыз»,-дейді Шоқан Уәлиханов атындағы «Алтынемел» мемлекеттік мемориалды музейінің директоры Сәуле Әбішева.

Шоқан Уәлихановтың өзі қолданған тапанша

Музей директоры тапаншадағы өрнектің таза алтынмен ойылғандығын сараптама арқылы анықтағанын айтады.

Саяхатшының Қашқария сапарында беліне таққан парша белбеуі

Этнографтың 5 томдық шығармалар жинағы

Белгілі мүсінші Хакімжан Наурызбаев жасаған Шоқанның мүсіні

Географтың қолданған бұрыш ұнтақтайтын қол тиірменшесі мен мыс табағы

Ғалымның өзі қолданған күміс қасығы

Айта кетейік, қазақтың ағартушы ғалымы, этнограф, тарихшы, географ, фольклорист Шоқан Уәлихановқа арналған «Алтынемел» мемлекеттік мемориалды музейі 1985 жылы қыркүйектің 20-сында оның 150 жыл толу құрметіне орай ашылған болатын. Бүгінде оның қорындағы жәдігерлердің саны 742-ге жеткен.

Фото: Абзал Қалиев


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер