ШҚО музейінің қоры антикварлық керосин самаурынмен толықты - Жәдігер|01 Қаңтар 2016, 00:00
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

ШҚО музейінің қоры антикварлық керосин самаурынмен толықты

Астана. 26 қаңтар. Baq.kz - Шығыс Қазақстан облыстық этнографиялық музей-қорығы тағы бір антикварлық керосин самаурынмын толықты, деп хабарлады Kazmuseum.kz сайты музей әкімшілігіне сілтеме жасап. 

Орыс этнографиясы бөлімінің ғылыми қызметкері Роман Нечаевтың айтуынша, көптеген елдердің түсінігінде көне самаурын ағаш отынмен жағылып, кейін электр самаурындарға ауыстырылған. Бірақ, белгілі болғандай, 20-шы ғасырдың басында, яғни революцияға дейінгі уақытта керосинмен жағылатын самаурындар да пайда болып, бүгінде өте сирек кездеседі.

«Негізінен осындай самаурындар мұнай кәсіпшілігі жұмыс істеп, керосиннің бағасы арзан болған Кавказда таратылған. Әзербайжанды керосин шамының отаны деп бекер айтпаған. Ал самаурынның өзі таза орыс туындысы болып табылады. Бұрынғы жылдардағы Еуропада оны «орыстың шай машинасы» деп атаған», - деп баяндайды Р.Нечаев.

Біздің күнімізге дейін керосин самаурындары дәстүрлі самаурындарға қарағанда аз жеткен. Мысалы, музей-қорығында жүздеген көмір самаурындары бар болса, керосинмен жағылатын самаурын ұзақ уақыт бойы жалғыз тұрған.

Сонымен бірге этнограф мамандар бүкіл топтаманың әрбір самаурыны дара және қайталанбас екенін және барлығының антикварлық сирек кездесетін туынды екенін атап өтуде. 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер