Шыңғысхан атымен соғылған жалғыз динар көрмеге қойылды - Жәдігер|01 Қаңтар 2016, 00:00
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Шыңғысхан атымен соғылған жалғыз динар көрмеге қойылды

Астана. 12 сәуір. Baq.kz - «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайының ұйымдастыруымен алғаш рет археологиялық кезеңдерге бөлінген нумизматикалық «Оңтүстік тарихынан сыр шертетін тиындар» тақырыбындағы көрме ашылды. 

Көрменің ашылу салтанатында «Әзірет Сұлтан» қорық мұражайының директоры Ж.Әубәкір көрменің маңыздылығына қысқаша тоқталып өтті. Түркістан әкімінің кеңесшісі Ж.Ибрагимов, Түркістан қалалық «Нұр Отан» партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Темірбаев қорық-мұражай жұмысының көркейе беруіне тілектестіктерін білдіріп, мұражай ұжымына алғыстарын білдірді.

Көрме негізінен үш бөлімнен тұрады:

Ерте ортағасыр Шаш өлкесінде соғылған Соғды және түркі тиындары.
Мұсылман нумизматикасы ІХ-ХІ ғғ. Саман және Қарахан әулеттерінің тұсында соғылған ақшалар.
ХІІІ - ХІҮғғ. айналымда болған Хорезмшах Мұхаммед бин Текеш атымен соғылған және моңғол билігіне көшкеннен кейінгі ақша түрлері қамтылған.
Көрме жәдігерлерінің арасында Самарқанда Шыңғысхан атымен соғылған, типологиялық ерекшелігіне байланысты бүгінгі күнге дейін сақталып жеткен әлемдегі жалғыз дана динар да көпшілік назарына ұсынылды.

Көрмеге көпшілік зиялы қауым, Түркістан этнопедагогикалық колледжінің студентері, мектеп оқушылары және БАҚ өкілдері қатысты.

Баға жетпес тарихи жәдігерлерді насихаттауды, далалық мәдениеттің қайталанбас жауһарларын келешек ұрпаққа дәріптеуді мақсат тұтатын көрме бір ай көлемінде жұмыс жасайды. 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер