Қожа Ахмет Яссауи кесенесінде жаңа экспозициялар ашылды (ФОТО) - Жәдігер|01 Қаңтар 2016, 00:00
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қожа Ахмет Яссауи кесенесінде жаңа экспозициялар ашылды (ФОТО)

Астана. 18 наурыз. Baq.kz - «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайының қарауындағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің «Асхана», «Құдықхана» бөлмелерінде жаңа этнология және археология экспозициясының ашылу рәсімі өтті. 

Экспозицияның ашылуына Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет және өнер істері департаменті директорының орынбасары Күміс Сейітова, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қаныбеков, Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Ғани Рысбеков, БАҚ өкілдері, колледж студенттері, мектеп оқушылары және т.б. қатысты.

Күміс Сейітова «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайының ұлттық тарихты зерделеу, дәріптеу мен сақтау ісінде алатын ерекше орнын айтып өтті. Бүгін бұл ескерткіш ішкі туризмді дамыту саласында да айрықша маңызға ие екендігіне тоқталып кетті. К.Сейітова мен ОҚО әкімінің орынбасары С. Қаныбеков мемлекеттік қорық-мұражайының ұжымына сәттілік тілеп, алдағы уақытта да осындай игі бастамалардың жалғасатындығына сенім білдірді.

Экспозицияға «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайының қорындағы 60-тан астам археологиялық, этнографиялық жәдігерлер қойылды. Бұл шараның мақсаты – халқымыздың қолөнер шеберлігінің, ұсталық үрдістің көнеден бізге жеткен туындыларын ұрпаққа кеңінен насихаттау. 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
30 Желтоқсан 2018, 12:54
Софияда Астана көшесі ашылды
Пікірлер