Елбасы мұражайы - Жәдігер|01 Қаңтар 2012, 00:00
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Елбасы мұражайы

Астана. 23 қараша. Baq.kz- Теміртаудың қаласында ақ күміспен күптелген көгілдір күмбезді «Тұңғыш Президент тарихи-мәдени орталығы» ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығы мерекесі қарсаңында пайдалануға берілген. Бүгінде бұл мекемені Жазира Тайтөлеуқызы Кулбаева басқарады.
 

Диаметрі 48 метрді құрайтын дөңгелек негізді жарты шар түріндегі ғимараттың биіктігі 16 метр, сәулеттік-көркемдік жалпы алаңы 4560 шаршы метр және үш деңгейден тұрады.
Бірінші қабатында лекциялар, халықтық, классикалық, опералық, симфониялық жанрдағы концерттерді өткізуге арналған 137 орындық кинолекция залы, ғылыми мәслихаттар, съездер, жиналыстар, сонымен бірге мемлекеттік бағдарламалар ұйымдастыруға, ұлттық және әлемдік мәдениет насихатталатын 80 және 30 орындық мәжіліс залдары, сондай-ақ, әкімшілік жайы, ғаламторға шығатын компьютерлермен жабдықталған оқу залымен қоса кітапхана бар.
Мұражайдың жәдігерлерін жинауға мекеменің ғылыми қызметкерлерінен басқа қара халық алғашқы күннен бастап қызу кірісіп кетті. Кезінде Металлургиялық комбинатта Назарбаевбен бірге жұмыс істеген жұмысшы-әріптестері, Днепродзержинскінің № 8 техникалық училищесінде, Қарағанды политехникалық институтта бірге оқыған курстастары көп еңбек етті. Мемлекет басшысының сыныптастары, аға-інілердей болып кеткен достары – Алтынбек Асанов, Жақсылық Әскеев, Тоқтархан Ысқақов, Владимир Колбаса, Николай Назаров, Ермек Төлеубаев, Қуаныш Омашев және басқалар. Тіпті Қазақстанның өңірлерін былай қойғанда, ТМД-ның басқа қалаларынан да жаңа мұражайды тың жәдігерлермен толықтыруға көмектескен жандар аз емес. Соның бірі, Днепродзержинск тарихи-өлкетану мұражайы директоры Наталья Николаевна Буланова Назарбаевтың Украинаның № 8 техникалық училищесіне қабылданғаны туралы құжат, училищеде оқып жүрген кездерінен 16 фотосурет, т.б жәдігерлер жіберген.
Тәуелсіз Қазақстанның дамуы мен қалыптасуының маңызды кезеңдері және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың өмірі мен қыз¬меті, Қарағанды облысы мен Теміртау қаласының тарихы жайлы сыр шертетін мұражай экспозициялары көрме залының көркін келтіріп өте жарасымды орналасқан. Мұрағат материалдары, кино және фото құжаттар, бейнелеу және сәндік қолданбалы өнер туындылары: «Тәуелсіз Қазақстан», «Өз заманының перзенті», «Дара тұлға», «Қазақстанның құрыш келбеті», «Уақыт ағысында», «Қазақстан жолы» тәрізді тақырыптық экспозицияларда қойылған. Мұражай экспозициялары осы заманғы көркемдік және техникалық шешімдерді қолдана отырып рәсімделген. Сондай-ақ, Тұңғыш Президент орталығында Назарбаевтың өз қолымен жазған автобиографиясы, оған берілген мінездеме, үлгерім табелі, тағы басқа жеке құжаттары бар.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысына арналып жазылған кітаптар да мұражайдың көрнекті жеріне қойылған . олардың жалпы саны 114 көрінеді. Соның ішінде ҚР Президенті Канцеляриясының бастығы, саяси ғылымдар докторы, профессор Махмұд Қасымбековтың «Первый», «Лидер и независимость», ҚР Президенті кеңесшісі Ермұхамет Ертысбаевтың «Казахстан и Назарбаев: логика перемен» және басқалар. Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаевтың «Стальной профиль Казахстана», «Без правых и левых», «На пороге XXI века», «В сердце Евразии», «В потоке истории», «Казахстанский путь» атты кітаптары бар.
2011 жылы қазанның 30 жұлдызында ашылған орталықты бірінші болып көрген Елбасының өзі болды. Осыдан кейін мұнда келушілер легі бір күн де толастаған емес. Қала, облыс тұрғындары, ардагерлер мен зейнеткерлер, мектеп оқушылары мен студенттер, өңірлердің өкілдері, мәслихаттар мен мәжіліс депутаттары мұнда жиі болады. Мазмұнды да бай экспозицияларымен қызыға танысады.
 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер