Бұхара: теміршілік музейіндегі көшпелілер ізі - Жәдігер|06 Маусым 2017, 10:37
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Бұхара: теміршілік музейіндегі көшпелілер ізі

Адамзат тарихындағы темір дәуірі – күллі тарихтың бұрылыс кезеңі саналады. Соғыс және еңбек құралдары темірден жасалып, металлургияның таралуымен сипатталатын адамзат өркениетіндегі алғашқы қауым және ертедегі таптық дәуірлер тым арыға кетеді. Ал, темір дәуірінен кейінгі көшпелілер тарихы мүлде асқақ, жеңісті беттермен парақталады.

Әлқисса, деректерге жүгінсек:

Ол хронологиялық жақтан біздің заманымыздан бұрынғы ІХ-VІІ ғасырларды өз ішіне алады. Археологиялық деректерге қарағанда, темір дәуірі әр аймақтарда әртүрлі болғаны байқалады. Темір қорыту б.з.б. 2-мыңжылдықта белгілі болып, б.з.б. ІІ ғасырында Алдыңғы Азия мен Закавказьяда, Үндістанда кеңінен таралғанын Әлем тарихында жазылып келеді.

Келтірілген деректер Еуразияда, соның бір бөлігі Орталық Азияда темір дәуірі біздің заманымыздан бұрын 2 мыңыншы жылдарда пайда болғанын тілге тиек еткен. Бұл бірқанша алға кетушілік пікір деуге болады. Себебі, бұдан бұрынғы жарық көрген тарихи еңбектерде Орталық Азияда темір дәуірінің келіп шығуын б.з.б. 1-мыңжылдығына жатқызып келген болатын. Қолдағы археологиялық осы дәуірдің жәдігерлерінің ішінде алғашқы кезеңге жататын темір металдар табылды. Солай болса, Орталық Азия – темір дәуірінің алғашқы пайда болған аймақтарының бірі. Бірақ осы темір дәуірінде Орталық Азияда (Қазақ жерінде) көшпелі шаруашылық қалыптасты деудің қисыны келмейді. Бұрынғы қола дәуірінен адам баласының тарихи темір кезеңіне өтуі, олардың дамуының қызғынды пәтпен алға ілгерілегенін көреміз. Бұрынғы дәуірлерге қарағанда темір дәуірі қысқа уақыт ішінде орта ғасырға өткен. Бұл темірден жасалған құралдар тұрмыста кең қолданылып, өндіріс күші мен өндіріс қатынасының дамуын тездеткенін көрсетеді.

Осы тұрғыдан келгенде, күллі Азиядағы теміршілік өнеріне қатысты барлық жәдігерлер - көшпелілер өркениетінің айқын көрініс һам жемістері болып есептеледі.

Өзбекстанның Бұхара қаласында орналасқан 4 ғасырға жуық тарихы бар «Теміршілік қолөнерінің тарихи музейі» – атадан балаға мұрагерлік жолмен қалып отырған. Өзін Бахриддин ұста деп таныстырған азамат бұл музейдің тарихы туралы біраз әңгіменің басын қайырды.

Ұстахана шеберлері темір рудасын балқытып отырған

«Арғы аталарымыз Әмір Темір дәуірінен жалғасқан әскери қарау-жақтар мен ат-абзелдерін, күнделікті тұрмыста қолданылатын темір заттарын, сәндік бұйымдарды, өзге де өмірдің әр қырына қажет болатын әр мүліктерді қолдан соғып, атағы алысты шарлаған екен. Тіпті, темір рудаларын балқытып, қажетке жаратып отырған. Бабалардан аманат қалған бұл ұстахананы музейге айналдырғаныммен әлі де өз жұмысымды атқарып отырмын» дейді Бахриддин ұста.

Суреттер: Ұларбек Дәлейұлы


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер