Батыр Бауыржан өзі қолданған маузерді кімге қалдырған? - Жәдігер|18 Тамыз 2017, 13:56
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Батыр Бауыржан өзі қолданған маузерді кімге қалдырған?

Батыр Бауыржан Момышұлы 1965 жылы Ялтада жазған өсиет хатында өзінің тұтынған бірнеше заттарын Жамбыл облыстық музейіне қалдырғанын айтқан. Оның ішінде батырдың фотосуреттері, күнделікті өмірде пайдаланған ыдыстары, кітаптары, темекі тартатын мүштегі, картасы мен дәптері және маузері болған, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Бүгінгі таңда бұл заттар Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінің «Жамбылдықтар – Ұлы Отан соғыс жылдарында» атты залында Бауыржан Момышұлының жеке заттары экспозициясынан орын алған.

«Бұл музейде батырдың маузері бүгінге дейін сақталған. Жәдігерде «Маузер полковника Бауыржана Момышулы» деген жазу бар. Бар өмірін әскери қызметке арнап, Ұлы Отан соғысына қатысқан даңқты қолбасшы бұл маузерді сол отты жылдары пайдаланып, кейіннен көзінің тірісінде Әулиеата музейіне тапсырған. Бауыржан Момышұлы бір келгенінде облыстық музейге өзінің қылышы мен домбырасын да сыйлайтынын айтқан. Өкінішіке қарай, әлдебір кісіден беріп жіберген құнды жәдігерлер сол күйі мұнда жетпеген. Егер құнды қазына Жамбыл жеріне жетіп, музей төрінен орын алғанда жұртшылық бүгінде тағы бір тағдырлы жәдігердің куәгері болар еді», - дейді Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейі Ғылыми экспозициялық жұмыс және қорды есепке алу бөлімінің меңгерушісі Мөлдір Қыздарбекова.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер