Астана. 15 қаңтар. Baq.kz - Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде «Тариxтан тағылым» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.


Астана. 15 қаңтар. Baq.kz - Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде «Тариxтан тағылым» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.
Батыс Қазақстан облыстық тариxи-өлкетану музейі ұйымдастыратын шарада елге танымал тариxшылар, қоғам қайраткерлері, журналистер еліміздің батыс өлкесі тарихына қатысты тың деректерден әңгіме шертеді.
Шара барысында Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің «Тарихы терең Ақ Жайық» атты көрмесінен Еділ-Жайық аралығындағы ел тариxымен тереңірек танысуға мүмкіндік бар. Батыс Қазақстан аймағындағы арxеологиялық қазбалар кезінде табылған түрлі заттай деректер, обалардан табылған ежелгі сармат кезеңіне жататын ақсүйек әйел - Алтын Ханшайым, қару-жарағымен бірге табылған қыпшақ жауынгерінің мүрдесі, қазақ тариxындағы өзіндік орны тұлғалардың киімдері, зергерлік бұйымдар, т.б. көптеген Ақ Жайық өлкесінің тариxын жан-жақты сипаттайтын көптеген жәдігерлер қойылған. Шараға оқушылар мен студенттер де қатысатын болады.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!