Көне Басқамыр қаласы - Тарихи нысандар|31 Наурыз 2017, 14:50
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Көне Басқамыр қаласы

Көне Басқамыр қаласының орны Жезқазғанның солтүстік-батысынан 83 км қашықтықтағы Жезді өзенінің сол жағалауында орналасқан. Көне қаланың орны төбелермен қоршалған кішкентай жазық далада, Талдысай өзенінің Жезді өзеніне кұя берісте орналасқан. Көне қаланың айналасы мен алаңына Басқамыр моласы бар. Оның көне екі мазары мен көне ортағасырлық көмбесі бар.

Көне қалада қарауыл мұнарасы, жер суаратын жүйе қалдықтары, жекелеген құрылыс және үңгір шахта болған. Ескерткішті Орталық Қазақстан ҚазССР ғылым Акакдемиясы 1948, 1950, 1952 жылдары зерттеді.

Көне Басқамыр қаласының орнынан үш қуатты қабырға қамалдарымен және қорғаныс мұнарасымен қоршалған ортағасырлық сарай қалдықтары табылды. Қорған жарықтың бұрыштарына бағытталған шаршы пішінді. Қабырғалары сазды ерітіндідегі дымқыл кірпіштерден соғылған.

Дуалдың ұзындығы– 108-110 м, ені - 14 м. Мұнаралардың сақталған биіктігі (төбешіктер түрінде) 5 м шамасында. Мұнаралардың диаметрі– 12 м. Қамал өлшемдері– 38х38м, дуалдың биіктігі 4 м шамасында. Ескі қаланың орны қышпақтардың құрылыс өнерімен тығыз байланысты.

Негізгі библиография: Ә.Х.Марғұлан. Орталық Қазақстандағы отырықшы қоныстардың қалдықтары. «Қазақстанның археологиялық ескерткіштері» кітабында. Алма-Ата, 1978 ж.

madenimura.kz


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
11 Қаңтар 2018, 19:43
АЛМАТЫДА "ҚЫЗЫҚ КӘНСЕРТ"
Пікірлер